2024 жылғы 27 ақпанда Қонақжайлылық және туризм мектебінің академиялық деканы Манап Алмагүл Серікқалиевна «Mama.Pro» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Кәсіпкерліктің негіздері» курсы аясында ерекше балалардың аналарына арналған «Эмоционалды интеллект» және «Дизайн-ойлау» тақырыптарында тренингтер өткізді.
Іс-шара қордың алаңында өтіп, онда Алмагүл Серікқалиевна өмірлік дағдыларды дамыту, тұлғалық өсуге ынталандыру, эмоционалды тұрақтылық пен шығармашылық көзқарасты қалыптастыруға бағытталған тәжірибесімен және білімімен бөлісті.
Кездесулер ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналар үшін маңызды қолдау болды және олардың позитивті ойлауын қалыптастыру мен жаңа дағдыларын дамытуға елеулі үлес қосты.