2025 жылғы 25 қыркүйек — Дүниежүзілік туризм күні
Дүниежүзілік туризм күніне орай «Туризм және ивент-менеджмент» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері Skala спорттық скалодромына барды.
Сабақты тау клубының жетекшісі Гүлмира Маханова жүргізіп, студенттерге тек қана спорттық өрмелеудің негіздерін үйретіп қана қоймай, белсенді демалыс пен туризмнің тұлғалық дамудағы және командалық рухты нығайтудағы маңызы туралы да айтты.
Студенттер жаңа белсенділік түрін сынап көруге, өз қорқыныштарын жеңуге және топпен жұмыс істеуді үйренуге ерекше мүмкіндік алды. Мұндай тәжірибелік шаралар болашақ туризм мамандарының белсенді демалысты ұйымдастырудың ерекшеліктерін терең түсінуіне және салауатты өмір салтының құндылығын сезінуіне көмектеседі.
🙏 Студенттерге көрсеткен қолдауы, ықыласы және жастар арасында туристік мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін Гүлмира Махановаға шын жүректен алғыс айтамыз.