Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU мен Ұлттық статистика бюросы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

02.10.2025

2025 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мен Almaty Management University арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Құжаттың негізгі мақсаты – білім беру мен ғылым саласындағы әріптестікті нығайту, сондай-ақ конференциялар, семинарлар, форумдар, конкурстар, корпоративтік, спорттық, мәдени және тәрбиелік іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыру арқылы студенттердің кәсіби және тұлғалық дамуына жағдай жасау.

Меморандум шеңберінде AlmaU-дың «Бизнес-аналитика және экономика» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Ұлттық статистика бюросының өкілдерімен кездесу өткізді. Іс-шараға кадрларды дамыту департаментінің директоры Арсен Жақұпов және кадрларды дамыту және уәждеу басқармасының жетекшісі Әсел Күзембай қатысып, студенттерге мемлекеттік органдағы мансаптық мүмкіндіктер, тағылымдамадан өту және тәжірибеден өту шарттары туралы кеңінен баяндап берді.

Меморандумға қол қою AlmaU студенттері үшін мемлекеттік құрылымдарда тәжірибеден өтуге және кәсіби әлеуетін дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар, бұл ынтымақтастық жоғары оқу орындары мен мемлекеттік органдар арасындағы байланыстарды нығайтып, практикалық білім беруді күшейтуге ықпал етпек.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок