Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Қазақстан мен Әзербайжан Еуразия университеттерін тәжірибе алмасу мен жаһандық диалогты дамыту мақсатында біріктірді

03.10.2025

2025 жылдың 26 қыркүйегінде Бакуде Almaty Management University (AlmaU) мен Әзербайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен Rectors’ Club: Central Asia+ ректорлар клубының 6-шы отырысы өтті. Отырыстың негізгі тақырыбы: Еуразия аймағындағы университеттерді дамытудағы бірегейлік пен жаһандық амбициялардың теңгерімін талқылау болды.

Әзербайжан мемлекеттік мұнай және индустрия университетінің ректоры Руфат Азизов

Кездесуге университеттер мен ұйымдардан, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдардан 70-тен астам өкілі қатысты. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы мен Әзербайжан Ғылым және білім министрлігі жанындағы Ғылым және жоғары білім жөніндегі мемлекеттік агенттіктің мүшелері болды. Сонымен бірге ірі мемлекеттік және жекеменшік жоғары оқу орындарының ректорлары жиналды. Атап айтқанда, Бакин мемлекеттік университетінің ректоры Эльчин Бабаев, Әзербайжан сәулет және құрылыс университетінің ректоры Гюльчохра Мамедова, Әзербайжан Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті академиясының ректоры Гулу Новрузов, Әзербайжан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Джафар Джафаров және Хазар университетінің ректоры Разия Исаева, сондай-ақ өңірдің басқа да жетекші университет басшылары болды. Жиынға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Нидерланд, Венгрия, Түркия, Қытай, Германия, БАӘ және АҚШ-тан келген делегациялар да қатысып, пікір алмасты.

Әзербайжан Ғылым және білім министрлігі жанындағы Ғылым және жоғары білім жөніндегі мемлекеттік агенттіктің директоры Улькер Саттарова

Алғысөзбен Әзербайжан мемлекеттік мұнай және индустрия университетінің ректоры Руфат Азизов, Әзербайжан Ғылым және білім министрлігі жанындағы Ғылым және жоғары білім жөніндегі мемлекеттік агенттіктің директоры Улькер Саттарова сондай-ақ AlmaU ректоры, президенті әрі Ректорлар клубының негізін қалаушысы Асылбек Қожахметов сөз сөйледі.

Кездесу аясында кең, ауқымды тақырыптар талқыланды. Олар үш панельдік сессияда қарастырылды: жаһандық контексте жергілікті бірегейлік; Еуразия университеттері жаңа ұғымдар қауымдастығы ретінде: құндылықтар, мәдениет және миссия арқылы ілгерілеу; университеттердің цифрлық стратегиясы мен халықаралық танымалдылығы.

Кездесуге жетекші халықаралық білім сарапшылары жиналды. Бостон колледжінің (АҚШ) құрметті профессоры Ханс де Вит Internationalization at Home и Internationalization of the Curriculum концепцияларымен таныстырып, интернационалдандыру тек академиялық ұтқырлыққа қатысатын студенттерге ғана емес, барлық студенттерге қолжетімді болуы керек екенін атап өтті. «Оқу бағдарламаларына халықаралық және мәдениетаралық компоненттерді тікелей енгізу маңызды», – деді ол.

Маастрихт университетінің (Нидерланд) жоғары оқу орындарын трансформациялау жөніндегі халықаралық сарапшысы Дара Мельник те өз көзқарасын ортаға салды. Ол мәдени және тарихи бірегейлікті сақтай отырып, айырмашылықтарды инновациялық шешімдердің қайнар көзіне айналдырудың маңыздылығын атап өтті. Сарапшының айтуынша, «үлкен біріктіруші идеяны» іздеу қажет: «Айырмашылықтар – бұл артықшылық; олар дамудың жаңа үлгілерін жасауға жол ашады».

Асылбек Қожахметов өз сөзінде «Барыс секірісі» стратегиясын ұсынды. Ол бұл бастаманың мәні өзгелерді қуып жетуде емес, қайта болашаққа батыл қадам жасап, алға ұмтылуда екенін ерекше атап өтті. Бұл стратегияның басты бағыты –  заманауи білім беруді дамыту, кәсіпкерлік рухын нығайту және аймақтық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру.

Сарапшылардың баяндамалары мен талқылаулары бірін-бірі толықтырып, өңірде және оның шегінен тыс жоғары білім берудің даму келешегіне тұтас көзқарас қалыптастырды.

Панельдік сессиялардың бірін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігі жобаларды басқару департаментінің академиялық жетістіктер және жаһандық бәсекеге қабілеттілік бастамаларының жетекшісі Фатима Жакыпова модератор ретінде жүргізді. Қатысушылар арасында ohn von Neumann University (Венгрия) директорлар кеңесінің төрағасы  Norbert Czimadia және Kadir Has(Турция) университетінің ректоры Meryem Sondan Durukanoğlu Feyiz болды.

Талқылаулардан бөлек, бағдарламада Codiplay бас директоры, Astana Hub кеңесшісі әрі Қазақстан спорттық бағдарламалау федерациясының бас хатшысы Данабек Калиаждаров жүргізген «Eurasian Silk Road 4.0: талант, технология, трансформация» атты фасилитациялық сессия өтті. Бұл сессия қатысушыларға Еуразиядағы жаңа технологиялық және білім беру бастамаларын дамыту жөнінде пікір алмасу алаңын ұсынды.

Кездесу пікір алмасудың маңызды алаңы болып қана қоймай, халықаралық ынтымақтастықта нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Оның аясында AlmaU бірнеше жетекші университеттермен серіктестік туралы меморандумдарға қол қойды. Атап айтқанда, John von Neumann University (Кечкемет, Венгрия), Орталық Азия университетімен (Ташкент, Өзбекстан), Әзербайжан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің академиясымен (Баку, Әзербайжан) және Наманган техникалық университетімен (Наманган, Өзбекстан) келісімдер жасалды.

Сонымен қатар, George Washington University, Graduate School of Education and Human Development  жоғары білім берудегі басқару мен көшбасшылық бағытындағы бірлескен жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуге негіз болатын ниет хатқа қол қойылды.

Rectors’ Club: Central Asia+ тұрақты даму, инновациялар және жоғары білім беруді интернационалдандыруды бірлесіп ілгерілету мақсатында Еуразия мен әлем университеттерінің көшбасшыларын біріктіретін стратегиялар мен тәжірибе алмасуға арналған бірегей халықаралық платформа ретінде өз дамуын жалғастырып келеді.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок