Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU және SDG Alliance ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

08.10.2025

2025 жылы 8 қазан күні SDG Alliance жәнеAlmaty Management University (AlmaU) арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

AlmaU атынан Меморандумға жаһандық серіктестіктер жөніндегі проректор Шолпан Тазабек, ал SDG Alliance атынан стратегиялық серіктестіктер жөніндегі директор Әміржан Жұмахан қол қойды.

Құжаттың мақсаты – Тұрақты даму мақсаттарын (SDG) ілгерілету, экология, тұрақты қаржы және әлеуметтік жауапкершілік салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ тұрақтылық қағидаттарын білім беру процесіне интеграциялау бойынша әріптестікті дамыту.

Келісім аясында тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу, студенттерге арналған тағылымдамалар мен тәжірибелер ұйымдастыру, сондай-ақ AlmaU түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу туралы уағдаласты.

Меморандумға қол қою AlmaU университетінің бизнес-сектор және тұрақты даму саласындағы өкілдерімен академиялық әрі кәсіби ынтымақтастығын кеңейту жолындағы маңызды қадам болып табылады және университет студенттері мен оқытушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок