Жасөспірімдерге арналған кәсіпкерлік клуб Алматыда жұмысын бастады. Кездесулер апта сайын Qaynar bulaq Almaty (AlmaU университетінің кампусы) ашық қалалық кеңістігінде өтеді. Барлық ниет білдірушілер сарапшылармен кездесулерге, кәсіпкерлердің шеберлік сыныптарына, қазақстандық компанияларға экскурсияларға және тағылымдамаларға қатыса алады.
Алматы қаласының жасөспірімдерін шақырамыз! Клубқа қатысу тегін. Кездесулер әр сейсенбі күні сағат 13.00–15.00 арасында өтеді.