2024 жылғы 12 қарашада Sharmanov School of Health Sciences-те практика профессоры Т.С. Сактаганованың жетекшілігімен “Сөйлейтін портреттер” шеберлік сабағы өтті. Іс-шара психологиялық портреттердің маңыздылығына және олардың мамандық таңдаудағы, жеке тұлғаны түсінудегі және клиенттермен жұмыс жасаудағы рөліне арналды. Қатысушылар экспресс-диагностикадан өтуге және Алматының жетекші психологтарынан кеңес алуға мүмкіндік алды