2025 жылғы 13 қазанда Almaty Management University (AlmaU) университетінде AlmaU басшылығы мен Dassault Systèmes компаниясының делегациясы, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің робототехника зертханасының жетекшісі арасында кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты – технологиялар трансферті саласындағы ынтымақтастық пен әріптестікті дамыту, сондай-ақ Қазақстан өнеркәсібін цифрландыру бағытында бірлескен күш-жігерді біріктіру болды. Тараптар қазақстандық өнеркәсіптік компаниялардың сұранысына сай ҒЗТКЖ жобаларын (НИОКР) бірлесе іске асырудың перспективаларын талқылады.
Кездесуді ашқан AlmaU-дың бірінші проректоры Тимур Булдыбаев қатысушыларға алғы сөз арнады:
«Биыл біздің университет жаңа даму деңгейіне көтерілуде. Егер бұрын AlmaU бизнес-университет ретінде танылған болса, енді біз жаңа бағыттарды – машина жасау, бизнес-бейнелер мен робототехниканы белсенді түрде дамытып жатырмыз. Dassault Systèmes компаниясымен меморандумға қол қою біз үшін зор мәртебе, өйткені бұл келісім индустриялық даму мен инновация саласындағы мақсаттарымызды жүзеге асыруға мүмкіндік береді».
Өз кезегінде Dassault Systèmes компаниясының Еуропа өңірі бойынша басқарушы директоры Джованни Риджио өз пікірін білдірді:
«Маған университеттерге келу ұнайды, өйткені дәл осындай ортада жаңа буын мамандары қалыптасады. Біздің компания тек IT-компания емес, ғылыми-технологиялық ұйым, себебі біздің барлық шешімдеріміз ғылыми тәсілдерге негізделген. Біз кәсіпорындардың нақты қажеттіліктеріне бейімделген бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлейміз және тапсырыс берушілердің міндеттерін терең түсіну үшін кеңес беру тәсілін қолданамыз. AlmaU-пен әріптестік – заманауи технологияларды меңгеретін жаңа буынды шабыттандыру мен даярлаудың тамаша мүмкіндігі».
Кездесудің негізгі нәтижелерінің бірі – AlmaU және Dassault Systèmes арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі болды. Құжатқа AlmaU-дың бірінші проректоры Тимур Булдыбаев және Dassault Systemes компаниясының Қазақстан мен Орталық Азия бойынша бас директоры Ілияс Амирханов қол қойды.
Меморандумға қол қойылғаннан кейін AlmaU оқытушылары мен қызметкерлері үшін Dassault Systèmes өкілдері өткізген техникалық семинар ұйымдастырылды, онда қатысушыларға цифрлық шешімдердің практикалық қолдану мысалдары таныстырылды.
Жақын арада AlmaU қабырғасында Қолданбалы жасанды интеллект және өнеркәсіп орталығы өз жұмысын бастайды. Бұл орталық озық технологияларды енгізу мен халықаралық индустриялық серіктестермен ынтымақтастықты дамытуға арналған платформаға айналады. Dassault Systèmes сияқты стратегиялық серіктестермен бірлесе отырып, AlmaU инновациялық экожүйені дамытуға және Қазақстанның индустриялық әрі технологиялық өркендеуіне өз үлесін қосуға ниетті.