2025 жылы 13 қазан күні Қытайдың Шэньси провинциясындағы Сиань кәсіби білім беру қауымдастығының өкілдері Almaty Management University (AlmaU) университетіне ресми сапармен келді. Делегация құрамында қауымдастық вице-президенті Чжао Цинвэй, директоры Сун Цзэпин, сондай-ақ Алматы кәсіби білім беру инспекциялық тобының мүшесі, профессор Лю Венбин болды. Сапарды AlmaU университетінің School of Transformative Humanities & Education мектебі ұйымдастырды.
Қонақтар университет кампусымен танысып, атриумды, кітапхананы, Qaynar Bulaq, Tatishev Wing ғимараттарын және AlmaU шай бөлмесін аралады.
Кампус-турдан кейін делегация AlmaU бірінші проректоры Тимур Булдыбаевпен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Қытайдың экономика мен білім беру саласындағы ынтымақтастығының маңызы атап өтілді.
Келіссөздердің нәтижесінде AlmaU мен Сиань кәсіби білім беру қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжат аясында бірлескен білім беру жобаларын іске асыру көзделген, соның ішінде қазақ, орыс және қытай тілдерін оқыту бағдарламалары бар.