AlmaU қабырғасында DOS студенттік ұйымы мен «Қоғамға қызмет ету» пәні аясында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Студенттер қолдан жасалған бұйымдар, тәттілер және естелік сыйлықтар ұсынып, түскен қаражатты игі іске бағыттады.
Жәрмеңке нәтижесінде жиналған қаражатқа ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы тренажер сатып алынып, «Аяла» әлеуметтік үйіне табысталды.
Бұл бастама қоғамға нақты көмек көрсетіп қана қоймай, студенттердің әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті