Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU-да академиялық және басқарушылық шеберлігіндегі/ артықшылықтағы сандық және сапалық зерттеулердің рөлі туралы воркшоп өтті

29.10.2025

2025 жылдың 29 қазанында Almaty Management University (AlmaU) “Академиялық және зерттеу шеберлігіндегі-артықшылығындағы сандық және сапалық зерттеулер: деректерден басқару шешімдеріне дейін” тақырыбында воркшоп өтті. Іс-шараны AlmaU және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырды

Воркшоптың мақсаты – сауалнама, сұхбат, библиометрия, үлкен деректерді талдау және басқа да тәсілдер сияқты сандық және сапалық зерттеу әдістерін университеттер мен ғылыми ұйымдардың білім беру және ғылыми үдерістерінің нәтижелілігі мен тиімділігін арттыруда қалай қолдануға болатынын талқылау.

Бір алаңда жоғары білім мен ғылым саласындағы жетекші сарапшылар, университеттер мен ғылыми ұйымдардың өкілдері бас қосты. Іс-шараның ерекшелігі ғылыми және басқарушылық тәсілдердің үйлесімінде болды: талқылау тек теориялық модельдерге ғана емес, сонымен қатар қазақстандық жоғары оқу орындарында жинақталған эмпирикалық деректерге негізделді.

Қатысушыларға AlmaU ғылым жөніндегі проректоры Рената Құдайбергенова құттықтау сөз сөйлеп, тақырыптың маңыздылығын атап өтті:

«Алғаш рет бір алаң аясында академиялық және зерттеу артықшылығы мәселелері деректер, аналитика және дәлелді шешімдер тұрғысынан қарастырылып отыр. Бұл воркшопты зерттеушілер, басқарушылар және мемлекеттік құрылымдар арасында тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналдырады. Соңғы жылдары көптеген ғылыми жобалар жүргізілуде, біз олардың нәтижелері мен одан әрі дамуын қарастырамыз».

Талқылауды Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ғылыми және ғылыми-техникалық дамудың аналитикалық орталығының директоры , химия ғылымдарының кандидаты, профессор Булат Кенесов жалғастырды. Ол «Ғылым мен жоғары білім саласындағы стратегиялық менеджментте сапалық және сандық индикаторларды қолдану» атты баяндамасында статистикалық деректер мен талдау нәтижелерін ұсынды:

«Ұлттық статистика бюросының Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі деректері бойынша, 2024 жылы қазақстандық зерттеушілердің 40%-ы Алматы қаласында ҒЗТКЖ жүргізген», – деп қаланың жоғары оқу орындарының белсенділігін атап өтті.

Б.Кенесов ғылыми инфрақұрылымды дамыту мен зерттеу қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар айтты. Олардың ішінде – жобалардың 20% дейінгі қаражатты ғылыми инфрақұрылымды дамытуға бөлу, докторантура мен магистратура гранттарының көлемін екі-үш есеге арттыру, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу кезінде ғылыми кеңесшілердің саны мен деңгейін ескеру.

Бұдан бөлек, ол әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бойынша докторанттарға баламалы қорғау нысандарын енгізу, отандық ғылыми журналдар мен баспаларды қолдау және қазақстандық ғылымның жай-күйі туралы ашық деректерге қолжетімділікті кеңейту қажеттігін атап өтті.

Келесі болып Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Аналитикалық орталығының бас академиялық қызметкері, экономика ғылымдарының докторы, доцент Римма Сағиева сөз алды. Ол «Ғылыми кадрларды даярлау: социологиялық сауалнама нені көрсетті?» атты баяндамасында талдау нәтижелерін ұсынып, ғылыми кадрларды даярлаудың тиімділігін арттыру бойынша бірнеше ұсыныс енгізді:

«Докторлық дәреже иегерлерін ең көп даярлайтын зерттеу университеттеріне қымбат зертханалық жабдықтар сатып алуға арналған қаражат бөлу қажет», – деді.

Сонымен қатар, ол зерттеу университеттерінің критерийлеріне ғылыми кадрларды даярлауға тікелей байланысты индикаторларды енгізуді, жетекші ғылыми ұйымдар үшін докторанттарды даярлауға лицензия алу рәсімін жеңілдетуді және оларды мемлекеттік білім беру тапсырысымен қамтамасыз етуді ұсынды.

Талқылауға елеулі үлес қосқан PhD, Research Professor AlmaU Ақнұр Жидебекқызы – «Қазақстандағы академиялық артықшылық: университет мүдделі тараптарының пікірлеріне жүргізілген сандық және сапалық талдау нәтижелері» атты зерттеуін ұсынды.

«Қазақстан үшін бұл декларативті реформалардан дәлелді саясатқа (evidence-based policy) көшу жолы, онда университеттер жоғары білім беруді дамыту стратегиясын қалыптастыруда белсенді серіктеске айналады», – деп атап өтті.

PhD, мінез-құлықтық және эксперименттік экономика зертханасының директоры Алексей Белянин «АШО (Академиялық шеберлік орталығы-Центр академического превосходства ЦАП) бағдарламасы университеттерінің тиімділігі: өнімділікті талдаудың салыстырмалы нәтижелері (DEA)» атты баяндамасын ұсынды. Ол АШО бағдарламасы 2018 жылдан бастап елдің жетекші аймақтық мемлекеттік университеттері базасында, соның ішінде 15 аймақтық және 5 педагогикалық жоғары оқу орнында жүзеге асырылып келе жатқанын атап өтті.

Өз талдауында А. Белянин жарияланымдардағы технологиялық шекараны академиялық тұрғыдан ең мықты университеттер айқындайтынын және профессор-оқытушылар құрамының жүктемесі түлектердің жетістігіне елеулі әсер ететінін, дегенмен айырмашылықтардың біртіндеп азайып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, жоғары академиялық беделі бар университеттер көшбасшылар болып қала береді.

Воркшоп соңында белсенді пікірталас өтті. Қатысушылар ұсынылған баяндамаларды, талдау әдістері мен деректерді интерпретациялау тәсілдерін талқылады.

AlmaU мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының бірлесіп ұйымдастыруымен өткен бұл іс-шара жоғары білім саласындағы дәлелді саясатты дамытуда маңызды қадам болды. Воркшоп

университеттердің ғылыми-білім беру реформаларының қозғаушы күші ретіндегі негізгі рөлін айқындап, басқарушылық шешім қабылдау үдерісінде аналитикалық деректерді біріктірудің маңыздылығын көрсетті.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок