Құрметті AlmaU оқытушылары!
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі (ҚР ҒЖБМ) ұйымдастыратын «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2025» республикалық конкурсының басталғаны туралы қуана хабарлаймыз.
Конкурс жоғары оқу орындарының ең үздік оқытушыларын анықтап, олардың кәсіби жетістіктерін мойындауды мақсат етеді.
Жеңімпаздарға «ЖОО-ның үздік оқытушысы» төсбелгісі мен 6 миллион теңгеден астам ақшалай сыйақы табысталады.
Конкурстың кезеңдері:
• I (ЖОО ішілік) кезең: 2025 жылғы 3–14 қараша
• II (Республикалық) кезең: 2025 жылғы 1–12 желтоқсан
Құжаттарды қабылдау порталы: https://universitycontest2025.iac.kz
AlmaU-дегі I (жоғары оқу орны ішілік) кезеңге қатысу тәртібі:
ҚР ҒЖБМ оқытушыларға арналған вебинары: 2025 жылғы 1 қараша, сағат 11:00
(бейнежазба: https://drive.google.com/file/d/1dM7NtLqUNHKKIJI1Ilh2YU08J0xUL73n/view?usp=drive_link)
• Конкурсқа қатысуға өтінім қабылдау: 2025 жылғы 3–7 қараша
• Құжаттар топтамасын порталға жүктеу: 2025 жылғы 3–7 қараша
• Сараптамалық комиссияның жұмысы: 2025 жылғы 3–7 қараша
• Конкурс комиссиясының отырысы: 2025 жылғы 10 қараша
• Ғылыми кеңестің отырысы: 2025 жылғы 11 қараша, сағат 14:30
• AlmaU сайтында жоғары оқу орны ішілік кезеңнің нәтижелерін жариялау: 2025 жылғы 12 қараша
• Апелляциялық комиссияның отырысы: 2025 жылғы 12 қараша
• Жоғары оқу орны ішілік кезеңнің жеңімпаздар тізімін ҚР ҒЖБМ-не республикалық кезеңге қатысу үшін жолдау: 2025 жылғы 14 қараша
ЖОО ішілік кезеңнің өтуіне жауапты тұлға – Рамазанова Әлия Хайруллаевна, Оқу-әдістемелік бөлімнің директоры.