Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU университетінің негізін қалаушылардың бірі Тулеген Кожахметов жеңіл атлетика бойынша өткен 23-ші Азия чемпионатында бес медаль жеңіп алды.

11.11.2025

Азияның шеберлер арасындағы жеңіл атлетика бойынша 23-ші чемпионатында (Asia Masters Athletics), 2025 жылдың 5-9 қараша аралығында Үндістанның Ченнай қаласында өткен додада 71 жастағы спортшы Тулеген Кожахметов тамаша спорттық бабын көрсетіп, өз жас санатында керемет нәтижелерге қол жеткізді.

Чемпионат Asia Masters Athletics ұйымының және Masters Athletics Federation of India федерациясының қолдауымен өтті. Бұл халықаралық қозғалыс 35 жастан асқан спортшыларды – әуесқойлар мен бұрынғы кәсіби атлеттерді біріктіріп, олардың спортпен шұғылданып, өзгелерге шабыт сыйлауына мүмкіндік береді.

Шеберлер арасындағы жарыстар жеңіл атлетиканың дәстүрлі түрлерін – жүгіру, секіру және лақтыруды қамтиды, бірақ олардың философиясы бұдан кеңірек: ересектер мен қарттар арасында белсенді әрі салауатты өмір салтын насихаттау.

Жеке жетістіктер қоржынына жеңіл атлет келесі бес жүлдені қосты:
🏆 Алтын – 400 метр қашықтыққа жүгіруден;
🥈 Күміс – екі мәрте: 200 метрге жүгіру және 4×400 метрлік эстафета бойынша;
🥉 Қола – екі мәрте: 100 метрге жүгіру және 4×100 метрлік эстафетада.

Тулеген Кожахметов – спорттың жасқа қарамайтынын дәлелдеген жарқын тұлға.
Ол триатлон мен марафон жарыстарына белсенді қатысады, альпинизммен айналысады және жастарға өз үлгісімен шабыт береді. Оның өмір жолы – рухтың күші мен қозғалысқа деген құлшыныстың кез келген шектеуді еңсеретінін дәлелдейді.

AlmaU-де әлеуметтік және спорттық бастамаларды белсенді қолдайды. Сондықтан университеттің белсенділері спортшыны әуежайда ыстық ықыласпен және қошеметпен қарсы алды.

Сонымен қатар AlmaU биыл үшінші жыл қатарынан Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Лобаново ауылында өтетін «Мусин-Иванов іздерімен» атты шаңғы жарысының серіктесі болып отыр.

Жарыстың мақсаты – шаңғы спортын дамыту, жастарды белсенді өмірге тарту және өңірдің спорттық дәстүрлерін нығайту. Іс-шараға аты аңызға айналған спортшы, Олимпиада чемпионы және төрт дүркін әлем чемпионы Владимир Смирнов қатысады.

AlmaU өз батырларымен мақтанады және белсенді, салауатты әрі шабытқа толы өмірді қолдайды!

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок