Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU студенті Таиландтағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

19.11.2025

Бизнес-әкімшілендіру мамандығының 1-курс студенті Алишер Сакимовты жетістігімен құттықтаймыз. Әлемдік деңгейдегі жарыстарда екінші орынға ие болып, күміс медальды қанжығасына байлаған Алишер табандылық пен еңбектің жоғары нәтижеге жеткізетінін дәлелдеді. Әлем чемпионатына қатысу – оның елеулі еңбегін көрсетіп, жоғары әлеуетін айқындай түсті.

Жуырда ғана ол Бахрейндегі Жасөспірімдер Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған болатын, енді міне тағы да жоғары нәтижелерге қол жеткізіп отыр.

Біз білімде, спортта, шығармашылықта және басқа да бағыттарда жоғары нәтижелер көрсетіп, университет беделін нығайтуға және оның әрі қарай дамуына үлес қосып жүрген студенттеріміздің еңбегін жоғары бағалаймыз.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок