Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU жетістігі QS Eurasia Forum 2025 алаңында тағы да атап өтілді

26.11.2025

25–26 қараша күндері Ташкенттегі Central Asian University базасында QS Eurasia Forum 2025 өтті. Бұл – Еуразия өңіріндегі жоғары оқу орындары үшін маңызды шаралардың бірі.

Форумда AlmaU атынан университеттің негізін қалаушы, әрі ректоры Асылбек Базарбайұлы және жаһандық әріптестік жөніндегі проректор Шолпан Орынбасарқызы қатысты. Олар жоғары білім беруді дамыту, халықаралық ынтымақтастық және академиялық бағдарламалардың сапасын арттыру мәселелерін талқылауға белсенді атсалысты.

Бұған дейін, 4-6 қараша аралықтарында, Сеул қаласында QS Higher Ed Summit – Asia Pacific 2025 халықаралық конференциясы өтті. Дәл сол жерде AlmaU-дың ғылым және коммерцияландыру жөніндегі проректоры Рената және AlmaU-дың бірінші проректоры Тимур университетке алғаш рет QS 4 Stars сертификатын алып келді. Бұл сертификат AlmaU-дың оқыту, зерттеу және сервистік қызметтерінің әлемдік талаптарға сай жоғары стандарттарын растайды.

Ал Ташкентте бұл жетістігіміз тағы да аталып өтті: AlmaU-ға QS 4 Stars сертификаты қайта табысталды, бұл біздің жоғары нәтижелерімізді кезекті рет айқындап берді.

Бұл тек символдық рәсім емес, AlmaU-дың халықаралық деңгейдегі беделінің қарқынды түрде нығайып келе жатқанын дәлелдейтін маңызды оқиға. Университеттің абыройы артып, оның жетістіктері жаһандық білім беру кеңістігінде барған сайын айқынырақ көрінуде.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок