4 желтоқсанда AlmaU Қазақстанның ұлттық мұра жолдарын дамытуға арналған Adventure Travel Meetup іс-шарасын өткізді.
Travel Massive Almaty, AlmaU Менеджмент және туризм мектебі және KazAlpineClub ұйымдастырған бұл кездесу adventure-туризмді дамыту және ұлттық мұра жолдарын қалыптастыру перспективаларын талқылау үшін туристік индустрия өкілдерін, сарапшылар қауымдастығын, оқытушылар мен студенттерді бір алаңға жинады.

Іс-шара қатысушылары Қазақстанның туристік экожүйесіндегі жетекші ұйымдардың өкілдері болды:
-
Еркін Тікенов – модератор, AlmaU Менеджмент және туризм мектебінің практик-профессоры, KazakhTourism Қоғамдық кеңесінің мүшесі;
-
Диана Фролова – «LCREDO» ЖШС гид-жетекшілерді даярлау оқу орталығының директоры, Turclub.kz үйлестірушісі, KazAlpineClub басқарма мүшесі;
-
Қажым Жұмалиев – «Табиғат» ассоциациясының президенті, KazAlpineClub басқарма мүшесі;
-
Константин Сапронов – Алматы облыстық спорттық туризм федерациясының төрағасы;
-
Александр Пашкин – «LCREDO» ЖШС инструкторы;
-
Марина Кадникова – MONTE туроператорының басшысы, KazAlpineClub атқарушы директоры;
-
Вадим Шкляр – DemAl басшысы;
-
Роман Картун – тропаларды абаттандыру жөніндегі мердігер ұйымның басшысы;
-
Александр Хиневич – кәсіби гид-жетекші;
-
Жандос Жұмабай – CreAlmaty қорының жетекшісі, архитектор-урбанист, қалалық жобалар продюсері;
-
Қасиет Омарова – Алматы қаласы әкімінің инклюзия мәселелері жөніндегі кеңесшісі.

Қатысушылар heritage trails дамуының халықаралық модельдерін талқылап, Alatau Heritage Trail – «Алатау Аманаты» пилоттық жобасын қарастырды.
Сарапшылар барлау экспедицияларының нәтижелерін, маршруттарды бағалау қорытындыларын және инфрақұрылымды дамыту, жолдарды басқару және оларды туристік өнім ретінде ілгерілету бойынша ұсыныстарды ұсынды.

Бағдарламаның маңызды бөлігі AlmaU студенттік жобаларына арналды. Менеджмент және туризм мектебінің пәндері аясында әзірленген 15-тен астам қалалық, рекреациялық және гастрономиялық маршруттар таныстырылды. Сонымен қатар, студенттер туристік орталықтар концепцияларын және саланың цифрлық сервистерін ұсынып, білімнің практикалық қолданылуын және қалалық туристік инфрақұрылымды дамытуға қосқан үлесін көрсетті.
Іс-шара сарапшылардың тропажасау, урбанистика және тұрақты туризм бойынша панельдік талқылауымен аяқталды. Спикерлер Alatau Heritage Trail ұлттық жолының даму, басқару және маркетинг моделін, сондай-ақ оны ілгерілету және қолжетімділікті қамтамасыз ету тәсілдерін талқылады.
Adventure Travel Meetup AlmaU, индустрия және сарапшылар қауымдастығы арасындағы әріптестікті нығайтып, университеттің туризм саласындағы құзыреттер орталығы ретіндегі рөлін тағы да дәлелдеді.