2025 жылдың 4 желтоқсанында AlmaU университетінде British Council өкілдері – Орталық Азия бойынша аймақтық директор Майкл Хоугейт және Қазақстандағы елдік директор Роберт Тейлор ресми сапармен Алматыға келіп, университет басшылығымен кездесті.
Кездесуге AlmaU тарапынан:
• Шолпан Тазабек – жаһандық серіктестік жөніндегі проректор;
• Рената Құдайбергенова – ғылым және коммерцияландыру жөніндегі проректор;
• Ксения Южанинова-Караденизли – Жоғары бизнес мектебінің деканы;
• Жания Хайбуллина – Тұрақты даму орталығының жетекшісі;
• Даяна Балгабекова – Білім беру институтының директоры;
• Камран Гусейнов – Халықаралық қатынастар институтының директоры қатысты.
Кездесуде AlmaU мен British Council арасындағы қазіргі және болашақ серіктестік бағыттары талқыланды: халықаралық әріптестікті дамыту, ғылыми зерттеулер, креативті индустриялар, орта және жоғары білім беру саласындағы жобалар, сондай-ақ тұрақты даму мен климаттық бастамалар.
Кездесу барысында Роберт Тейлор Қазақстан жастарының құндылықтары мен күтілімдерін зерттеген British Council-дың “Next Generation Kazakhstan” атты жаңа зерттеуін таныстырды.
Бұдан бөлек, AlmaU-дың британдық серіктестермен жүргізіп жатқан бірқатар бастамалары атап өтілді. Университет British Council жүзеге асырған “Creative Spark: Higher Education Enterprise Programme” бағдарламасына қатысып, University of Northampton университетімен бірлесіп креативті экономика бойынша жобалар мен білім беру бастамаларын дамытып келеді.
AlmaU халықаралық академиялық ұтқырлықты да белсенді қолдайды. 2023–2025 жылдары үш оқытушы Queen’s University Belfast университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Сонымен қатар, соңғы екі жылда AlmaU Cambridge University және University of St Andrews университеттерінен келген екі студентті тағылымдамадан өткізді.
Жаһандық серіктестік жөніндегі проректор, PhD Шолпан Тазабек British Council және Ұлыбританияның Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету агенттігі (QAA) бірлесіп әзірлеп жатқан трансұлттық білім беру сапасын қамтамасыз ету шеңберінің ұлттық консультанты болып табылады. Бұл – серіктестіктің стратегиялық деңгейін айқындайтын маңызды көрсеткіш.
British Council – білім беру, өнер, ағылшын тілі және халықаралық ынтымақтастық салаларында әлемнің 100-ден астам елінде бағдарламалар жүзеге асыратын Ұлыбританияның халықаралық ұйымы.
British Council өкілдері AlmaU-дың әлеуетін жоғары бағалап, болашақта серіктестікті кеңейтуге және жаңа бірлескен жобаларды дамытуға мүдделі екенін жеткізді.