
AlmaU университетінің Ақтау қаласындағы өкілдігінде Oil Services Company компаниясының қызметкерлеріне арналған «Менеджер стандарты» атты біліктілікті арттырудың корпоративтік бағдарламасы аяқталды.
Оқу 2025 жылғы 18 қазаннан 21 желтоқсанға дейін өтіп, 120 академиялық сағат көлеміндегі қарқынды бағдарламаны қамтыды. Бағдарлама тиімді менеджменттің заманауи тәсілдері мен практикалық құралдарын қамтитын жеті модульден тұрды.

Бағдарлама компанияның екі топ басшыларына арналған, әр топта 20 қатысушыдан білім алды. Бағдарламаның маңызды кезеңдерінің бірі – компанияның нақты өндірістік міндеттерін шешуге бағытталған командалық жобалық жұмыстарды әзірлеу болды. Қорытынды жобалар сәтті қорғалып, бүгінде компанияның жұмыс үдерістерінде практикалық қолданылуын табуда.
Оқу барысында көшбасшылық құзыреттерді дамытуға, жүйелі басқарушылық ойлауды қалыптастыруға және заманауи басқару тәжірибелерін қолдану арқылы операциялық тиімділікті арттыруға ерекше назар аударылды.

Oil Services Company командасына жоғары деңгейдегі белсенділігі, жаңа басқару тәсілдеріне ашықтығы және өз командасының басқарушылық әлеуетін жүйелі түрде дамытуға деген ұмтылысы үшін алғыс білдіреміз. Мұндай білім беру бастамаларын жүзеге асыру кәсіби құзыреттерді тұрақты дамыту мен компанияда күшті басқару мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетеді.