Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

«Абыройлы болу деген не?»

17.04.2026

16 сәуір күні AlmaU-де қазақстандық мәдениеттанушы, дәстүрлі мәдениет зерттеушісі Зира Наурызбайдың «Абыройлы болу деген не?» тақырыбында дәрісі өтті. Дәріс қазақтың би-басшысы мен бай-кәсіпкерінің ар-намыс кодексіне арналды.

Іс-шара Tolyq Adam институтының білім беру бастамалары аясында ұйымдастырылып, қазақ халқының дәстүрлі құндылықтарын қазіргі қоғамдық және білім беру контексінде қайта зерделеуге арналды. Дәрістің негізгі өзегі – «абырой» ұғымы, ол тұлғаның ар-намысы, қадір-қасиеті және әлеуметтік жауапкершілігін айқындайтын маңызды адамгершілік санат  ретінде қарастырылды.

Дәріс барысында дәстүрлі мәдениеттің келесі маңызды бағыттары талқыланды:

  • «жол» ұғымы – адамның өмірлік мақсаты ретінде;
  • жауынгер мен көшбасшының дәстүрлі ар-намыс кодексі;
  • билердің әділдік пен қоғамдық бедел иесі ретіндегі рөлі;
  • байдың қоғамдық игілікті сақтаушы әрі бөлуші ретіндегі бейнесі;
  • кәсіби шеберлік пен рухани тәртіптің өзара байланысы;
  • абырой – тұлғаның әлеуметтік және этикалық капиталының бір түрі.

Сонымен қатар батыр, би және байдың ар-намыс кодексінің тарихи-мәдени негіздеріне және олардың дала қоғамының құндылықтар жүйесін қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды. Дәстүрлі құндылықтар – абырой, ар, намыс, ұят – бүгінгі күні де білім беру кеңістігінде, көшбасшылықта және қоғамдық өмірде өзектілігін сақтап отырғаны атап өтілді. Бұл ұғымдар тұлғалық даму мен кәсіби қалыптасудың маңызды бағдарлары ретінде қарастырылады.

Дәріс оқытушылар мен студенттердің үлкен қызығушылығын тудырып, ұлттық зияткерлік мұра, көшбасшылық этикасы және дәстүрдің қазіргі қоғамдағы құндылықтарды қалыптастырудағы рөлі туралы пікір алмасу алаңына айналды.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок