Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

«ACCA мүшесінің табыстылық тарихы» шеберлік сабағы

08.10.2025

Шеберлік сабақ «Есеп және аудит»«Қаржы» білім беру бағдарламаларының 3 – 4 курс студенттеріне арналды.

Спикерлер:
• Асел Шкубарова – ACCA ұйымының Орталық Азия, Армения және Моңғолия аймақтарындағы қатынастарды дамыту жөніндегі менеджері;
• Айдана Абишева – 2021 жылдан бері ACCA мүшесі, 2025 жылдан бастап Ұлыбритания директорлар институтының (IoD) сертификатталған директоры, Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Спикерлер халықаралық ACCA біліктілігінің артықшылықтары, кәсіби дамудың қазіргі үрдістері және этиканың маңызы туралы тәжірибелерімен бөлісті.

Мектептің ерекше мақтанышы – «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының студенті Жанысбай Дарина. Ол ACCA ұйымының маусым айындағы емтихан сессиясында Қаржылық есептілік (FR) пәнінен 66 балл жинап, Қазақстан бойынша ең үздік және Орталық Азия, Армения мен Моңғолия өңірі бойынша екінші нәтиже көрсеткені ерекше атап өтілді.

ACCA ұйымына және спикерлерге ынтымақтастық пен шабыттандыратын тәжірибесі үшін, сондай-ақ болашақ қаржы саласы көшбасшыларын дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс айтамыз!

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок