Құрметті студенттер!
2026-2027 оқу жылының күзгі семестріне арналған Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ішінара гранттық қаржыландыруымен жүзеге асырылатын академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға конкурс жарияланады.
Өтінім қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 15 наурызын қоса алғанда.
Өтінім беру формасы: https://forms.office.com/92MgLbSGbm
Іріктеу тек Еуропа елдеріндегі серіктес жоғары оқу орындарына жүргізіледі, себебі қаржыландыру тек еуропалық бағытқа бөлінген.
❗ Маңызды: грант алмасу бағдарламасына байланысты шығындардың тек бір бөлігін ғана өтейді.
Қатысу талаптары:
-
Жасы 18-ден жоғары;
-
GPA 3.0-ден төмен емес;
-
Ағылшын тілін меңгеру деңгейі B2-ден төмен емес;
-
Академиялық қарыздарының болмауы.
❗ Магистратура студенттері аталған конкурсқа қатыса алмайды.
Қажетті құжаттар тізімі:
-
Ағылшын тіліндегі мотивациялық хат;
-
Ағылшын тіліндегі ұсыным хаттар (2-ден 4-ке дейін)
(кемінде 2 хат AlmaU өкілдерінен – оқытушылардан, бағдарлама жетекшілерінен немесе декандардан болуы тиіс); -
AlmaU транскрипті (ағылшын тілінде)
(Тіркеу офисі, 107-кабинет); -
Ата-анасының келісімі (нотариалды куәландыру талап етілмейді).
❗ Қағаз түріндегі өтінімдер қабылданбайды.
❗ Толық емес немесе қате мәліметтері бар өтінімдер жарамсыз деп танылады.
Құжат үлгілері мен серіктес ЖОО тізімі:
https://almauedu-my.sharepoint.com/:f:/g/personal/global_almau_edu_kz/IgBwIYIE7KugSLRmI6738KJnAcGUiFYIpNtCIxL3yXTP_IE?e=tVdrij
Барлық сұрақтар бойынша немесе сілтемелер жұмыс істемеген жағдайда:
📧 n.ahmetova@almau.edu.kz
📧 sh.zhalmukhambet@almau.edu.kz
📍 101-кабинет
🕘 Жұмыс уақыты: жұмыс күндері 09:00-18:00
📲 Telegram-арна: Global AlmaU