Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Almaty Management University Smart Plastic Zone жобасы аясында «Алтын белгіге» ие болды

08.10.2025

2025 жылғы 7 қазанда Almaty Management University экологиялық Smart Plastic Zone жобасы аясында «Алтын белгімен» марапатталды. Жоба Coca-Cola Қазақстан, GreenUrban қауымдастығы және GPI-Lab қолдауымен жүзеге асырылып, пластик ізі мен тұтынуын азайтуға, сондай-ақ тұрақты даму қағидаттарын бизнес пен білім беру саласына енгізуге бағытталған.

«Алтын белгі» – пластик қолдануды барынша қысқартып, оның орнына баламалы материалдарды пайдаланатын, сондай-ақ пластик қалдықтарын бөлек жинап, қайта өңдеуге өткізуді жүйелі түрде жүзеге асыратын нысандарға беріледі. Бағалау нәтижесінде 500-ден астам ұпай жинаған ұйымдар осы белгіге лайық деп танылады.

AlmaU аумағында қалдықтарды бөлек жинауға арналған 8 контейнер, ПЭТ бөтелкелерге арналған торлы жәшіктер орнатылған, электронды қалдықтар мен макулатураны жинау жүйесі іске қосылған, сондай-ақ пластикті қайта өңдеуге арналған фандомат қойылған. Университет саналы тұтыну мәдениетін белсенді насихаттайды: эко-мінез-құлық үшін жеңілдіктер, көп мәрте қолдануға арналған стақандар мен сөмкелер, ішуге арналған бұрқақтар секілді бастамалар енгізілген.

AlmaU Тұрақты даму орталығының директоры Жания Хайбуллина университеттің студенттер мен қызметкерлер арасында жауапты тұтыну және тұрақты даму қағидаттарын жүйелі түрде ілгерілетіп келе жатқанын атап өтті.

Smart Plastic Zone жобасының «Алтын белгісі» AlmaU-дың экологиялық жауапкершілікті арттыруға қосқан үлесін және университеттің ESG қағидаттарына адалдығын айқындады.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок