Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU 4-ші SDSN Kazakhstan конференциясына шақырады

23.09.2026

22-23 қазан күндері  AlmaU-да SDSN Kazakhstan «Accelerating the SDGs: Science, Partnerships and Action» («Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді жеделдету: ғылым, серіктестік және іс-қимыл») атты 4-ші жыл сайынғы конференциясы өтеді.

Конференцияны AlmaU-дың Тұрақты даму және ESG орталығы мен SDSN Kazakhstan ұйымдастырады.

Екі күн бойы конференция сарапшылары мен қатысушылары білім алмасып, зерттеулер мен практикалық шешімдерді ұсынып, кәсіби серіктестікті дамытып, тұрақты даму саласындағы бірлескен іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылайды.

Конференцияның негізгі тақырыптық бағыттары:

  • Ресурстар тапшылығы: су қауіпсіздігі, табиғи ресурстарды тұрақты басқару, климаттың өзгеруі және оған бейімделу, таза энергетика және энергетикалық көшу, айналым экономикасы және экологиялық саясат;
  • Денсаулық, әл-ауқат және тұрақты қауымдастықтар: қоршаған ортаның денсаулыққа әсері, ауа сапасы, тұрақты қалалар мен қауымдастықтар, климаттық және әлеуметтік тұрақтылық;
  • Тұрақты шешімдер: ESG және жауапты басқару, тұрақты қаржыландыру, серіктестік, бизнестің ТДМ-ға қол жеткізудегі рөлі, жасанды интеллект және цифрлық шешімдер;
  • Жастардың іс-қимылы және климаттық білім: жастар көшбасшылығы, студенттік зерттеулер мен жобалар, климаттық білім беру және жастарды ТДМ-ды іске асыруға тарту.

Өтетін орны: Atrium AlmaU, Алматы қ., Розыбакиев көшесі, 227
Күні: 22-23 қазан 2026 жыл

Конференция гибридті форматта – офлайн және онлайн өтеді.

Жұмыс тілдері: қазақ, ағылшын және орыс тілдері. Конференцияға қатысу тегін.

Конференцияға тіркелу формасы арқылы тіркелуге болады.

Зерттеушілер мен сарапшылар өз жұмыстарын конференция аясында ұсына алады. Бағдарламада ауызша және панельдік баяндамалар, постерлік презентациялар, Youth Research Showcase, сондай-ақ презентациясыз жариялау мүмкіндігі қарастырылған.

Аннотацияларды өтінім беру формасы арқылы жіберуге болады.

Аннотацияларды рәсімдеуге қойылатын талаптармен ABSTRACT SUBMISSION GUIDELINES құжатынан танысуға болады.

Конференция, оның тақырыптық бағыттары мен бағдарламасы туралы толық ақпаратты SDSN Kazakhstan Conference 2026 ресми парақшасынан табуға болады.

Тәжірибе мен идеялар алмасу, жаңа серіктестік мүмкіндіктерін табу және тұрақты болашаққа арналған шешімдерді бірге талқылау үшін конференцияға қосылыңыздар.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок