Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU академиялық блогының басшылық қызметтерін уақытша бос лауазымдарға тағайындау үшін конкурс жарияланады.

09.06.2025

AlmaU жаңартылған Стратегиясын іске асыру және университет Мектептерінің әлеуетін пәнаралық тәсілдің синергиясы арқылы күшейту мақсатында университет келесі бос лауазымдарға ашық конкурс жариялайды:

  • Бизнес жоғары мектебінің деканы
  • Менеджмент және қонақжайлылық мектебінің деканы
  • Цифрлық технологиялар және экономика мектебінің деканы
  • Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар мектебінің деканы

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар мектебінің құрылымында келесі бос лауазымдар қосымша ашылады:

  • Құқық институтының директоры
  • Білім беру институтының директоры
  • Халықаралық қатынастар институтының директоры

Айлық жалақысы: 1 млн.– 1,5 млн. теңге аралығында

Қосымша мүмкіндіктер:

  • KPI көрсеткіштері бойынша бонустар
  • Гранттық және коммерциялық жобаларға қатысу мүмкіндігі, қосымша табыс табу мүмкіндігімен

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
  2. Ғылыми дәрежесі мен атағының болуы (құптарлық);
  3. Академиялық немесе әкімшілік басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
  4. Жоғары білім беру жүйесінде кемінде 3 жыл оқытушылық және ғылыми-зерттеу тәжірибесі;
  5. Академиялық ортадағы операциялық басқару қағидаттарын білу;
  6. Бюджеттік жоспарлау негіздерін білу;
  7. Жоғары білім және ғылым саласындағы нормативтік-құқықтық базаны білу;
  8. Жоғары деңгейдегі цифрлық дағдылар;
  9. Салалық серіктестермен бірлескен және инновациялық жобаларды іске асыру тәжірибесі;
  10. Академиялық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру тәжірибесі;
  11. Аккредитациялық агенттіктермен жұмыс ұйымдастыру тәжірибесі;
  12. Конференциялар мен форумдарды ұйымдастыру және модерациялау тәжірибесі;
  13. Сыртқы қаржыландыру арқылы жобаларды тарту және іске асыру тәжірибесі;
  14. Пәнаралық және инновациялық білім беру жобаларын іске асыру тәжірибесі;
  15. Бағдарламалық құжаттар мен жобаларды, білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәжірибесі;
  16. Қазақ тілін білу (құптарлық)
  17. Ағылшын тілін білу;
  18. Ұжымда сенімді және тиімді іскерлік қарым-қатынас орната білу қабілеті;
  19. Жеке бренд қалыптастыру негіздерін білу;
  20. AlmaU стратегиясын білу.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар мен материалдарды ұсыну қажет:

  • Резюме (CV);
  • Жеке іс парағы және қызметтік тізім;
  • Білім, ғылыми дәреже, ғылыми атақ туралы дипломдардың көшірмелері және түпнұсқалары (салыстырып тексеру үшін);
  • мотивациялық хат (1 бетке дейін);
  • Мектептің/Институттың даму стратегиясы (2 бетке дейін);
  • соңғы 3 жылдағы ғылыми еңбектер мен өнертабыстар тізімі;
  • санитарлық кітапша, флюорография, еңбек кітапшасының скан-көшірмесі (AlmaU қазіргі қызметкерлері бұл құжаттарды тапсырмайды);
  • соттылықтың бар/жоқтығы туралы анықтама, наркологиялық және психоневрологиялық диспансерден анықтамалар (AlmaU қазіргі қызметкерлері бұл құжаттарды тапсырмайды);
  • қосымша құжаттар (үміткер өз білімі мен кәсіби деңгейі жайлы қосымша ақпарат, жұмыс орны басшылығынан ұсыным хаттар және т.б. ұсынуға құқылы. Ұсыным хат сипаттама түрінде ұсынылуы мүмкін).

Өтінім қабылдау мерзімі: егер Сіз байқауға қатысуға ниетті болсаңыз, құжаттарды 2025 жылғы 9 маусым мен 8 шілде аралығында тапсыруыңызды сұраймыз.

Өтінімдерді мына байланыс арналарына жолдау қажет:
vacancy@almau.edu.kz, 📞 +7  771  780  95 17 WhatsApp.

Конкурс AlmaU ішкі регламенттеріне сай ашықтық және айқындық қағидаттары негізінде өткізіледі.

Конкурстың өткізілу мерзімі мен форматы туралы қосымша хабарланатын болады.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок