Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі делегациясының ресми сапары аясында Қытаймен ынтымақтастықты кеңейтуде

23.07.2026

2026 жылғы 15–17 шілде аралығында Almaty Management University (AlmaU) делегациясы ректор Тимур Булдыбаев пен жаһандық серіктестік жөніндегі проректор Шолпан Тазабектің құрамында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі делегациясының Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласына жасаған ресми сапарына қатысты.

Ресми делегация құрамына Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның тоғыз жетекші жоғары оқу орнының басшылары мен өкілдері енді. Сапар бағдарламасы Қазақстан мен Қытай арасындағы академиялық, ғылыми және инновациялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталды. Сапар қорытындысы бойынша қазақстандық университеттер Қытайдың жетекші университеттерімен 19 келісімге қол қойып, бірлескен білім беру бағдарламаларын, академиялық ұтқырлықты және ғылыми зерттеулерді дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашты.

Шанхайдың жетекші университеттері мен инновациялық орталықтарымен келіссөздер

15 шілдеде AlmaU делегациясы Қытайдың жетекші зерттеу университеттерінің әрі әлемдегі үздік жоғары оқу орындарының бірі саналатын Shanghai Jiao Tong University (SJTU) басшылығымен келіссөздер өткізді.

Сол күні AlmaU өкілдері Design Innovation Institute Shanghai (DIIS) институтына барып, оның бас операциялық директоры Шрини Шривасанмен (Srini Srinivasan) кездесті. Тараптар инновациялық экожүйелерді дамыту, дизайн-ойлау (design thinking), кәсіпкерлік білім беру және креативті индустриялар саласындағы тәжірибелерімен алмасып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.

16 шілдеде Қытайдың жетекші жоғары технологиялық компанияларының басшыларымен өткен дөңгелек үстел аясында AlmaU Шанхай университетінің MBA бағдарламалар орталығы және Жаһандық басқарушылық білім беру институтымен екі маңызды стратегиялық құжатқа – Өзара түсіністік туралы меморандумға және Студенттер алмасу туралы келісімге қол қойды.

Қол қою рәсімі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің қатысуымен өтті.

17 шілдеде AlmaU өкілдері World Artificial Intelligence Conference (WAIC 2026) көрме экспозициясына қатысып, жасанды интеллект, робототехника, интеллектуалды өндіріс және  цифрлық технологиялар саласындағы соңғы әзірлемелермен танысты.

Сол күні AlmaU делегациясы Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы жасанды интеллект, цифрлық трансформация және технологиялық кәсіпкерлік салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған Khan Tengri Hub арнайы іс-шарасына қатысты.

Іс-шараға Khan Tengri Hub, Astana Hub, IT Park Uzbekistan басшылары, жоғары технологиялық компаниялардың өкілдері, инвесторлар және өңірдің инновациялық экожүйесінің қатысушылары жиналды. Талқылаудың негізгі тақырыбы Орталық Азия мен Қытай арасындағы жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты нығайту, стартаптарды дамыту, инвестиция тарту, технологияларды коммерцияландыру және университеттер, бизнес пен мемлекеттік институттар арасындағы жаңа серіктестіктерді қалыптастыру болды.

Әлемдегі ең ірі жасанды интеллект конференциясының аясында

Қазақстандық университеттер делегациясының сапары жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және инновациялар саласындағы әлемдегі ең ірі алаңдардың бірі саналатын World Artificial Intelligence Conference (WAIC 2026) конференциясымен тұспа-тұс келді.

Жыл сайын конференция мемлекет басшыларын, халықаралық ұйымдардың өкілдерін, жетекші университеттерді, ғылыми-зерттеу орталықтарын және әлемнің ірі технологиялық компанияларын біріктіреді.

WAIC 2026 конференциясының ашылу салтанатына Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

Президент өз сөзінде жасанды интеллект саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың, біліммен ашық алмасудың және жаңа технологияларды жаһандық басқарудың әділетті жүйесін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Конференцияның басты нәтижелерінің бірі World Artificial Intelligence Cooperation Organization (WAICO) ұйымының құрылуы болды. Бұл – қызметі жасанды интеллект саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және жаһандық басқару жүйесін жетілдіруге бағытталатын алғашқы халықаралық үкіметаралық ұйым.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок