AlmaU «Атамекен» 2026 рейтингінің жетекші университеттер қатарына енді. Университеттің білім беру бағдарламалары елдегі университеттер арасында жоғары орындарға ие болып, мамандарды даярлаудағы бәсекеге қабілеттілік пен практикалық бағыттылығын дәлелдеді.
Университеттер рейтингі Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» тарапынан қалыптастырылады. Бұл 2018 жылдан бері университеттердің білім беру бағдарламаларын кешенді бағалайтын жетекші тәуелсіз ұйым болып табылады.
Рейтингті бағалау жүйесі екі негізгі блокқа сүйенеді – түлектердің карьералық перспективасы және білім беру бағдарламаларының сапасы. Мұнда түлектердің еңбекке орналасу пайызы, еңбек нарығына шығу жылдамдығы, мамандарға жұмыс берушілердің сұранысы және алғашқы кәсіби көрсеткіштер есепке алынады.
AlmaU бағдарламалары бизнестік қоғамдастық пен сала сарапшыларымен тығыз ынтымақтастықта әзірленеді. Дәл осы тәсілдің арқасында түлектеріміздің шамамен 83%-ы университетті бітіргеннен кейін үш ай ішінде жұмысқа орналасады.
Ерекше атап өту керек, біздің бағдарламалардың рейтингтегі өсуі. Маркетинг бағыты өткен жылы 10-орыннан 4-орынға көтерілсе, Ақпараттық жүйелер бағыты 5-орынға көтерілді.
AlmaU-дың жоғары позициялары университеттің білім беру бағдарламаларының сапасына, индустриямен тығыз байланысына және түлектердің тұрақты кәсіби жолын қалыптастыруға бағытталған даму стратегиясының тиімділігін дәлелдейді!