Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU білім беру бағдарламалары халықаралық FIBAA аккредитациясына ие болды

09.12.2024

FIBAA аккредиттеу және сертификаттау Комитеті біздің университеттің 3 білім беру бағдарламасын аккредиттеді: Мейрамхана және қонақ үй бизнесі, Қоғаммен байланыс және Құқықтану. Бұл сапа мен халықаралық стандарттарға сәйкестікті растайды.

FIBAA аккредиттеу комиссиясының сарапшылары бірқатар критерийлер бойынша AlmaU халықаралық сапа стандарттарының талаптарынан асып түсетінін атап өтті. Олардың ішінде:

  • пәнаралық ойлау;
  • мүмкіндіктер теңдігі;
  • оқытушылардың практикалық тәжірибесі;
  • бизнес-құрылымдармен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастық;
  • оқу аудиторияларының саны, сапасы, медиа және IT-жарақтары;
  • талапкерлердің консультацияларының сапасы.

FIBAA жоғары білім сапасы мен сараптамасы бойынша жетекші халықаралық агенттік болып табылады және барлық процедуралар еуропалық стандарттар мен жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтарға (ESG) сәйкес жүзеге асырылады. Халықаралық аккредиттеу жұмыс берушілер үшін кадрларды даярлаудың жоғары сапасына кепілдік беретін негізгі фактор болып табылатынын атап өтуге асығамыз.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок