
26 ақпанда AlmaU Жоғары Бизнес Мектебі CMC Central Asia-пен стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға ресми түрде қол қойды. CMC Central Asia – халықаралық Басқарушылық консалтинг институттарының кеңесі (ICMCI) желісінің өкілі. Бұл қадам AlmaU бизнес-білім беру саласындағы жаңа кезеңді ашады және академиялық орта мен нақты индустрия арасындағы синергияны күшейтеді.
Құжатқа қол қою AlmaU Кәсіпкерлік Институты мен CMC Central Asia арасындағы екі жылдық жүйелі жұмыстың нәтижесі болды. Осы уақыт ішінде оқу бағдарламаларына заманауи әдістемелік құралдар мен кәсіби консалтинг тәсілдері сәтті енгізілді. Практикалық модульдерді жүзеге асыруға жетекші халықаралық сарапшылар тартылып, оқытудың қолданбалы құндылығы едәуір артты.
Ынтымақтастықтың жаңа кезеңі MBA және DBA бағдарламаларына халықаралық басқарушылық консалтинг стандарттарын терең интеграциялауды көздейді. Серіктестік аясында студенттерге жаһандық деңгейдегі құралдарды меңгеруге мүмкіндік беретін арнайы консалтинг курсы іске қосылады және оқу процесіне халықаралық сертификаттау элементтері енгізіледі.

Меморандумға қол қою кезінде AlmaU бірінші проректоры Тимур Керімбекович және GSB AlmaU деканы атап өткендей, CMC Central Asia-пен серіктестік практикалық бағдарланған оқытуды кеңейтеді, халықаралық сараптаманы нығайтады және студенттер мен түлектердің кәсіби мүмкіндіктерін арттырады.
ICMCI стандарттарын AlmaU оқу бағдарламасына интеграциялау институционалды дамуды көрсетеді және түлектердің бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді. Оқу кезінде халықаралық сертификаттаудан өту мүмкіндігі олардың кәсіби профилін еңбек нарығында едәуір арттырады.

Кездесу қатысушыларының бірі – Сабит Нарбаев, CMC Central Asia басқарма төрағасы және GSB AlmaU түлегі, ол AlmaU-да алған білімінің халықаралық кәсіби қызметінде негіз болғанын атап өтті:
“Мен AlmaU-ды 2017 жылы тәмамдадым. MBA бағдарламасы бойынша алған фундаменталды білімімнің арқасында қазір халықаралық бизнесті консалтингін дамытып, Қазақстан өнімдерін әлемдік нарыққа шығару жобаларын жүргізіп жатырмын. Маған AlmaU түлегі ғана емес, сонымен қатар CMC сертификатталған консультант болуым да қуантады – практикада оқығанымды іске асырып жүрмін.”

AlmaU Жоғары Бизнес Мектебі мен CMC Central Asia ынтымақтастығы оқу бағдарламаларының сапасын тікелей арттырады, олардың ең қатаң халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді. AlmaU бизнес-білім беру нарығында трендтерді белгілеп, студенттерге тек академиялық білім ғана емес, халықаралық мойындауға және мансаптық өсуге арналған нақты құралдар ұсынады.