2025 жылдың 27 қаңтарында Almaty Management University -де «AlmaU қысқы мектебі – 2025» басталды. Биылғы жылы мектептің тақырыбы «Ғылым мен білімдегі деректерді талдаудың сандық әдістері».
Аталмыш бағдарлама университет оқытушыларына, ғылыми қызметкерлерге, жас ғалымдар мен докторанттарға арналған. Биылғы қысқы мектеп 27 қаңтар мен 3 наурыз аралығын қамтиды. Тренинг аяқталғаннан кейін қатысушылар 72 академиялық сағатты қамтитын біліктілікті арттыру сертификатын алады.
Қысқы мектеп алты модульден тұрады:
- Сандық мәліметтерді талдау әдістерінің негіздері. Қатысушылар сандық зерттеулердің негізгі принциптерін, деректер түрлерін және деректерді талдау әдістерін үйренеді және Python бағдарламасымен жұмыс істеу дағдыларын алады.
- Статистикалық үлестірім. Бұл модульде қатысушылар статистикалық үлестіріммен жұмыс істеуге арналған Python – ның негізгі кітапханаларын үйренеді.
- Статистикалық гипотезалар және оларды тексеру. Қатысушылар ғылыми болжамды дұрыс тұжырымдап, оларды статистикалық әдістерді қолдану арқылы тексеруді үйренеді.
- Машиналық оқыту әдістерін пайдалана отырып, деректерді талдау. Регрессиялық талдаудың принциптері, оның артықшылықтары мен шектеулері зерттеледі.
- Мәліметтерді жіктеу әдістері. Студенттер деректерді жіктеу үшін Scikit-Learn кітапханасын пайдалануды үйренеді.
- Ғылымдағы деректердің құрылымдық модельдеу. Модуль әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдарындағы деректерді талдау тәсілдерінің айырмашылығына, сондай-ақ құрылымдық модельдерді пайдалану негіздеріне назар аударады.
Тренингті келесі мамандар жүргізеді:
Белянин Алексей Владимирович – PhD докторы, AlmaU Экономика және қаржы мектебінің профессоры;
Абешев Қуаныш Шурабатырұлы – PhD докторы, AlmaU Сандық технологиялар мектебінің деканы.
Қысқы мектептің негізгі ерекшеліктері қатысушылар мен жетекшілердің бірге жұмыс істей алуы, тақырыпты ашып, қатысушыларға эксперттер тікелей нұсқаулық бере алатын мүмкіндігінде.
Дәстүрлі AlmaU қысқы мектебі, өзін зерттеушілер мен мұғалімдер арасында кәсіби құзыреттіліктерді дамыту және тәжірибе алмасу алаңы ретінде танытылған. 2025 жылдың бағдарламасы ғылыми қауымдастықты нығайтудағы тағы бір қадам болмақ.
Барлық қатысушыларға жемісті еңбек, жаңа ашылымдар және кәсіби өсу жолында сәттілік тілейміз!