Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU-да ACCA емтихандарын тапсыру әдістемелері бойынша мастер-класс өтті

12.02.2025

2025 жылдың 12 ақпанында Almaty Management University-де «ACCA емтихандарын тапсыру техникасы» тақырыбында мастер – класс өтті. Іс-шараны Экономика және Қаржы мектебі ұйымдастырды, ал спикер ACCA-дің Орталық Азиядағы, Армения мен Моңғолиядағы қарым-қатынасты дамыту жөніндегі менеджері Асель Шкубарова болды. Кездесуде ACCA сертификатының негізгі ерекшеліктері, сонымен қатар емтиханға дайындықтың тиімді стратегиялары талқыланды. Іс-шараға «Есеп және аудит» және «Қаржы» білім беру бағдарламаларының 1-3 курс студенттері қатысты. 

Мастер-класс барысында қатысушылар емтихан процесінде уақытты қалай дұрыс басқару керектігін, максималды балл алу үшін жауаптарды қалай құрылымдау керектігін, студенттер жиі қандай қателіктер жіберетінін және оларды қалай болдырмауға болатынын, сондай-ақ емтиханға тиімді дайындалу бойынша басқа да пайдалы ұсыныстарды білді.

Асель Шкубарова практикалық кеңестермен ғана тоқтала қоймай, бухгалтерлік есеп және қаржы саласындағы болашақ мамандар үшін ACCA сертификатының маңыздылығын айта отырып, студенттерді өздерінің кәсіби мақсаттарына сенімдірек қадам басуға шабыттандырды

AlmaU Сертификатталған алқа бухгалтерлер қауымдастығы (ACCA) аккредитациясынан өткен екі білім беру бағдарламасын ұсынады. «Есеп және аудит» бағдарламасы ACCA-да қайта аккредиттелген және оның аккредитациясы 2023 жылдың 1 қаңтарынан 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды. «Қаржы» бағдарламасы 2023 жылдың 1 қаңтарынан 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңге ACCA аккредитациясынан өткен. Бұл аккредитацияның болуы білім беру бағдарламаларының саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестігін растайды. Сонымен қатар, студенттер тоғыз ACCA емтиханынан босатылады, бұл кәсіби біліктілік алу процесін айтарлықтай жылдамдатады.

Іс-шара қызықты өтті, студенттер емтихандарға дайындалу және тапсыру мәселелеріне, сондай-ақ кәсіби даму болашағына үлкен қызығушылық танытты.

Соңында, Әсел Шкубарова белсенді студенттерді атап өтіп, оларға естелік сыйлықтар табыс етті. Аталмыш мастер-класс кәсіби биіктерге жетуді мақсат еткен болашақ бухгалтерлер, қаржыгерлер және аудиторлар үшін құнды білім көзі және мотивациялық шара болды.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок