Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU-да AlmaU Research Impact Week ғылыми апталығы өтті: метрикалардан нақты ғылыми ықпалға дейін

13.04.2026

2026 жылдың 6-10 сәуір аралығында AlmaU-де AlmaU Research Impact Week өтті – бұл зерттеушілерді, сарапшыларды және академиялық қауымдастық өкілдерін біріктірген, ғылыми ықпалды бағалаудың заманауи тәсілдері мен зерттеулердің әлеуметтік-экономикалық дамудағы рөлін талқылауға арналған іс-шаралар сериясы.

Апта бағдарламасына дәрістер, воркшоптар және мастер-кластар кірді.

6 сәуірде «Әлеуметтік-экономикалық зерттеулердегі цифрлық іздер: мүмкіндіктері, шектеулері және әдіснамалық сын-қатерлер» тақырыбында семинар өтті. Семинарды PhD, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Экономика институтының Zertteu LAB зертханасының меңгерушісі Молдабекова А.Т. жүргізді. Қатысушылар ғылыми зерттеулерде цифрлық деректерді пайдаланудың заманауи тәсілдерімен, олардың аналитикалық әлеуеті мен шектеулерімен танысып, сондай-ақ деректердің сенімділігі, репрезентативтілігі және цифрлық іздерді қолдану этикасы сияқты маңызды әдіснамалық мәселелерді талқылады.

7 сәуірде Informascope компаниясының Орталық Азия бойынша консультанты Рабиға Қожамқұлдың қатысуымен «Scopus және Elsevier-дің басқа құралдарын пайдалана отырып, табысты ғылыми мақала жазу» тақырыбында воркшоп өтті. Қатысушылар тиісті журналдарды таңдау, ғылыми трендтерді талдау және жарияланымдардың көрінуін арттыру бойынша практикалық ұсынымдар алды, сондай-ақ ғылыми мақалаларды дайындау және ілгерілету стратегияларымен және ғылыми-метрикалық көрсеткіштерді тиімді пайдаланумен танысты.

8 сәуірде AlmaU-де ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және инновациялық жобаларды қаржыландыруға өтінімдер дайындау бойынша мастер-класс өтті. Спикер, «МашСвар» ЖШС директорының орынбасары Әкәлім Досжан Әлібекұлы бәсекеге қабілетті өтінімдер дайындау әдістемесімен және жобаларды идеядан бастап өндірісте енгізуге дейін іске асыру тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар коммерцияландырудың негізгі кезеңдері, грант талаптары, нарықтық әлеуетті бағалау, технологиялық дайындық деңгейлері (TRL) және индустриялық серіктестермен өзара іс-қимыл туралы білді. Практикаға бағытталған формат нақты кейстер арқылы ғылыми әзірлемелерді сұранысқа ие бизнес-шешімдерге айналдыру жолдарын түсінуге мүмкіндік берді.

● Аптаның басты оқиғасы 9 сәуірде өткен AlmaU Research Impact Dialogue пікірталас алаңы болды. AlmaU-дың ғылым және коммерцияландыру жөніндегі проректоры Құдайбергенова Рената Еркінқызы құттықтау сөз сөйлеп, формалды метрикалардан ғылымның нақты үлесін мазмұнды бағалауға көшу маңыздылығын атап өтті.

Негізгі баяндамалардың бірі – «Ғылыми зерттеулердің әсерін бағалау және тиімділікті арттыру жолдары» тақырыбындағы баяндама болды, оны э.ғ.д., доцент, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Ғылыми және ғылыми-техникалық даму аналитикалық орталығының бас талдаушысы Римма Сагиева ұсынды. Ол ғылыми үлесті өлшеудің заманауи әдістері мен зерттеулердің нәтижелілігін арттыру тәсілдері туралы айтты.

PhD, ҚБТУ Халықаралық экономика мектебінің профессоры Әлішер Алдашев «Academic market for lemons» тақырыбында баяндама жасап, формалды метрикалардың басымдығы жағдайында ғылыми жарияланымдар сапасының төмендеуі мәселесін көтерді. Ол сандық көрсеткіштерге (жарияланымдар, индекстер, рейтингтер) шамадан тыс бағдарлану сапалы зерттеулердің ығыстырылуына және сапасыз жарияланымдардың өсуіне әкелуі мүмкін екенін көрсетті. Сонымен қатар, мұндай тәжірибелердің ғылыми әлеуеттің дамуына және академиялық орта үшін ұзақ мерзімді тәуекелдердің қалыптасуына әсері атап өтілді.

«Publish or perish? Метрикалардан нақты ғылыми ықпалға дейін» атты панельдік пікірталас ғылымды бағалау жүйелерін сыни тұрғыдан талдауға арналды. Қатысушылар ғылыми-метрикалық көрсеткіштердің зерттеушілер мінез-құлқына әсерін және ғылымның нақты үлесін бағалаудың ықтимал тәсілдерін талқылады. Пікірталас модераторы – PhD, AlmaU Кәсіпкерлік институтының директоры Данияр Медетов.

Талқылауға қатысқандар:
● Римма Сагиева, э.ғ.д., доцент, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Ғылыми және ғылыми-техникалық даму аналитикалық орталығының бас талдаушысы;
● Алексей Белянин, PhD, AlmaU Мінез-құлық экономикасы зертханасының директоры;
● Гүлназ Әлібекова, PhD, Scientometrics Lab директоры, э.ғ.к.;
● Әлішер Алдашев, PhD, ҚБТУ Халықаралық экономика мектебінің профессоры;
● Ерболат Оразбекұлы, PhD, техноброкер, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі, «Тұран» университетінің коммерцияландыру орталығының директоры.

Іс-шара аясында AlmaU профессорлық-оқытушылық құрамын ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін марапаттау рәсімі өтті. Ғылыми жобаларға белсенді қатысқан, халықаралық журналдарда жарияланымдар жасаған, білім беру процесіне инновациялық тәсілдерді енгізген және зерттеу мәдениетін дамытуға үлес қосқан оқытушылар атап өтілді.

Апта 10 сәуірде «Жасанды интеллект дәуіріндегі академиялық адалдық: “Антиплагиат” жүйесі авторлар мен тексерушілерге қалай көмектеседі» тақырыбындағы онлайн мастер-класпен аяқталды.

Сондай-ақ осы күні «Зерттеу дизайны» пәні аясында «Ғылыми видеоШОУ» атты студенттік бейнежобалар байқауы өтті.

AlmaU Research Impact Week тәжірибе алмасу, ғылымдағы өзекті мәселелерді талқылау және зерттеу мәдениетін нығайтуға арналған маңызды алаңға айналды.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок