
2025 жылы 22 қазанда Almaty Management University (AlmaU) қабырғасында қазақстандық компаниялардың тәжірибелік кейстерінен тұратын алғашқы ұлттық жинақтың – бірегей басылымның тұсаукесері өтті. Жоба YPO Kazakhstan бастамасымен және AlmaU Жоғары бизнес мектебі мен Кәсіпкерлік институтының профессорлық-кәсіпкерлік құрамы бірлесіп жүзеге асырды.
Кітапқа Freedom Holding Corp., BI Group, Kusto, Lancaster және басқа да елдің жетекші компанияларының бірінші басшыларынан 53 табыс тарихы енді. Басылым – нақты бизнес-кейстерді, басқарушылық шешімдерді және көшбасшылардың жеке тәжірибесін біріктірген жаңа форматтағы оқу құралы.

Жоба халықаралық Young Presidents’ Organization (YPO) ұйымының қазақстандық бөлімшесі – YPO Kazakhstan-ның 15 жылдығына арналды.
Іс-шараның модераторы – AlmaU Кәсіпкерлік институтының директоры Данияр Медетов. Презентация барысында қатысушылар кітаптың жасалу идеясын, оның отандық бизнес-білім беруді дамытудағы маңызын және жинақтағы кейстердің практикалық қолдану мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесуге қазақстандық бизнес өкілдері мен YPO Kazakhstan мүшелері қатысты:
-
Алмаз Тултаев – кәсіпкер, қоғам қайраткері, YPO Kazakhstan мүшесі;
-
Ерлан Күнанбаев – «Азия мебель» компаниясының CEO-сы, «Эквиум» бизнес-қоғамдастығының резиденті, YPO Kazakhstan мүшесі;
-
Нурасыл Жарбасов – кәсіпкер, DEM Group компаниясының теңқұрушысы, Astana Venture Club негізін қалаушы, венчурлік инвестор, YPO Kazakhstan мүшесі;
-
Рамиль Мухоряпов – кәсіпкер, қоғам қайраткері, Choco холдингінің CEO-сы және теңқұрушысы, «Отбасы банк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, iQanat қорының қамқоршысы, YPO Kazakhstan мүшесі;
-
Асет Ахметов – IT-кәсіпкер, қауіпсіздік, көлік және экология салаларындағы Smart City шешімдерін әзірлейтін Sergek компаниялар тобының теңқұрушысы, YPO Kazakhstan мүшесі;
-
Қайрат Ахметов – қазақстандық кәсіпкер және менеджер, ҚР Президенті жанындағы IT-кеңестің мүшесі, Sergek Group теңқұрушысы және Freedom Telecom компаниясының бас директоры, Sergek интеллектуалды қоғамдық және жол қауіпсіздігі жүйесінің әзірлеушілерінің бірі, YPO Kazakhstan мүшесі.

AlmaU студенттері мен оқытушылары кітап авторларымен және кейіпкерлерімен тікелей жүздесіп, сұрақтар қойып, компаниялардың табысқа жетуіне ықпал еткен басқарушылық шешімдер мен тәсілдерді талқылауға мүмкіндік алды.

Қатысушылар бұл жобаның бизнес-білім беру үшін жаңа білім базасына айналып, студенттердің кәсіпкерлік пен басқаруға практикалық көзқарасын қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.