2025 жыл 18 ақпанда Almaty Management University-да «Бағалы қағаздарға инвестиция: тәуекел мен табыстылық» тақырыбында қонақ дәріс өтті. Шараны Экономика және қаржы мектебі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің fingramota.kz жобасымен бірлесіп, жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырды.
Іс шараның спикеру- Ауан Аяулым, «Freedom Broker» АҚ клиенттермен жұмыс жөніндегі үлкен менеджері. Ол қор нарығының негізгі аспектілерін түсіндіріп, инвестициялау стратегияларын таныстырып, қаржы әлемінде алғашқы қадамдарын сенімді жасауға көмектесетін практикалық кеңестерімен бөлісті.
Дәріс барысында студенттер келесі сұрақтарға жауап алды:
- Қор нарығы қалай жұмыс істейді және оған кімдер әрекет етеді?
- Инвесторлар арасында қандай қаржы құралдары ең танымал?
- Ұзақ мерзімді инвестиция мен белсенді трейдингтің айырмашылығы қандай?
- Тәуекелді азайтып, табысты арттыруға көмектесетін қандай стратегиялар бар ?
IPO, сенімді акцияларды таңдау, биржадағы сауда ерекшеліктері сияқты тақырыптар аудиторияның қызу талқылауына түсті. Студенттер белсенділік арттырып, сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдірді.
Презентацияда қор нарығының динамикасын көрсететін нақты мысалдар, графиктер мен аналитикалық деректер ұсынылды.
Бұл дәріс студенттердің қаржылық сауаттылығын арттырып, инвестиция әлеміне алғашқы қадам жасау үшін құнды білім берді.