2025 жылдың 3 маусымында AlmaU-да Балаларды қорғау күніне арналған жарқын және көңілді мереке өтті. Іс-шараның қонақтары университет қызметкерлерінің балалары болды – олар үшін ұйымдастырушылар командасы нағыз қуаныш күнін дайындады.
Кіре берісте балаларды тәттілер салынған сәлемдесу қорапшалары және олардың сүйікті – Sonic, Caramel, Коржик және Among Us ойынының кейіпкерлері ретінде киінген аниматорлар қарсы алды. Көңілді кейіпкерлер алғашқы минуттардан-ақ балаларды мерекелік көңіл-күйге бөледі.
Балалар жас ерекшеліктеріне қарай кішігірім топтарға топтарға бөлінді. Белсенді ойындарға ең ұшқыралыр қатысты: олар дартс лақтырды, шарларды ұшырды, алып доппен ойнады және резеңке таспалардан секірді. Ал шығармашылыққа жақын балалар арт-аймаққа орналасып, онда сурет салып, пластилиннен фигуралар жасап, бір-бірімен тілдесті.
Нағыз таң қалдырған көрініс өздерінің өнерлерін паш еткен үйретілген иттердің шоуы. Төрт аяқты өнерпаздар рингтерден секіріп, трюктар орындап, тіпті екі аяқпен жүріп те үлгерді.
AlmaU HR тобына осы мерекені ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіреді – сіздер біздің балаларымыздың көңілін көтердіңіздер және әр баланы қызықтыра алдыңыздар.