Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU-да Еуропалық Парламент депутаты Пьер Пампимен кездесу өтті

24.08.2026

21 тамызда AlmaU-де Франциядан сайланған Еуропалық Парламент депутаты Пьер Пампимен (Pierre Pimpie) кездесу өтті.

Кездесу Қазақстанға келген еуропалық делегацияның сапары аясында ұйымдастырылды. Сапарды Қазақстан-ЕО Gateway бельгиялық ұйымының вице-президенті Жәнібек Есімсейітов ұйымдастырды.

Еуропалық делегация құрамында Пьер Пимпимен қатар оның ассистенттері Antoine Mallard және Simon Delval болды.

AlmaU тарапынан кездесуге Ректор Тимур Булдыбаев, Жаһандық әріптестік жөніндегі проректор Шолпан Тазабек, Ғылым және коммерцияландыру жөніндегі проректор Рената Құдайбергенова, School of Transformative Humanities and Education деканы Айжан Сапарғалиева, Цифрлық технологиялар және экономика мектебінің практик-профессоры Дмитрий Огай, сондай-ақ Халықаралық ынтымақтастық басқармасының директоры Алия Акпаева қатысты.

Кездесу барысында тараптар танысып, AlmaU-дың Еуропа елдерімен, соның ішінде Франциямен ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Талқылау барысында жоғары білім беру, академиялық ұтқырлық, бірлескен білім беру жобалары және сараптамалық ынтымақтастық бағыттарындағы мүмкіндіктер қарастырылды. Сондай-ақ қазақстандық және еуропалық білім беру ұйымдары арасындағы байланыстарды нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу AlmaU-дың халықаралық серіктестік желісін кеңейтуге және Еуропа елдерімен жаңа ынтымақтастық бағыттарын дамытуға мүмкіндік беретін маңызды алаң болды.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок