2025 жылдын 24 сәуірінде Almaty Management University (AlmaU)- де InnoBoost Winter 2025 акселерация бағдарламасы ресми түрде аяқталды. Қорытынды шара «Demo Day» – бағдарламасы аясында іріктеліп алынған 12 үздік ғылыми және өндірістік жобаның қатысуымен питч-сессиялары болды.
InnoBoost Winter 2025 шарасы AlmaU технологияларды коммерцияландыру орталығы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясымен және Технологияларды коммерцияландыру кәсіпқойларының альянсымен бірлесіп ұйымдастырды. Бағдарламаның негізгі мақсаты ғылыми әзірлемелерді экономиканың секторларына интеграциялау жене Қазақстан бойынша 100-ден астам университетті қамтыды.
Еске сала кетсек, аталмыш бағдарламма 2025 жылдың 27 ақпанында басталды. Қорытынды іс-шарада қатысушы командалар қарқынды сегіз аптаның ішінде дайындалған жобаларын инвесторлар мен сарапшылар қауымдастығына ұсынды. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – ғылыми және іскерлік орта арасында тұрақты байланыс орнату. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған бастамаларға сәйкес келеді, ел экономикасының өсуіне ықпал ететін технологиялық шешімдерді ілгерілету қажет.
Бағдарламаның жабылу салтанаты құрметті қонақтардың сөзімен басталды. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Дидар Батырышев құттықтау сөз сөйледі. Оның айтуынша, InnoBoost бағдарламасы ғылымды, бизнесті, өндіріс секторын және мемлекеттік даму стратегияларын біріктіреді. Осы бастамалар технологиялардың қарқынды өзгерістер жағдайында ерекше өзекті бола бастад, себебі ғылымның маңыздлығы арта түсті.
AlmaU коммерцияландыру жөніндегі проректоры Кендрик Уайт инновациялық іс-шаралардың өзектілігін атап өтті:
«Әлем жылдам өзгеруде – бір жыл бұрын өзекті болып көрінген нәрсе қазір жаңа көзқарастарды қажет етеді. Соңғы онжылдықтарда біз жаһанданудың тереңдеуін байқадық, бұл жаңа саяси және экономикалық ортаны қалыптастрады. Ал Қазақстан өзінің стратегиялық орналасуының арқасында осы процестердің ортасы болып саналады. Біз осы мүмкіндікті жаңа инновацияға бейімделуге, ғылым мен инновацияны белсенді түрде дамытуға пайдалануымыз керек».
InnoBoost бағдарламасының директоры Динара Молдағалиева ұжым мен серіктестерге алғысын білдірді:
Біз бұл жобаға күш-жігерімізді ғана емес, жанымызды да салдық. Біз Ғылым академиясымен және Коммерцияландыру альянсымен әр жобаны жеке дайындау үшін сегіз апта бойы бірлесіп ат салыстық. Бағдарламаны жүзеге асыруға мүмкіндік берген серіктестерімізге – Chevron және Klein & Erbulekova компанияларына ерекше алғысымды білдіргім келеді».
Іс-шарада «Қазақстандық ғылым мен инновациясына бизнес-періште инвестицияларын қалай арттыруға болады» тақырыбында панельдік пікірталас өтті. Сессияны Технологияларды коммерцияландыру кәсіпқойларының альянсынын президенті Арын Орсариев жүргізді.
Талқылау барысында School of Law & Politics AlmaU студенттері Thunderbird School of Global Management мектебімен бірлесе отырып дайындаған арнайы аналитикалық баяндама ұсынылды. Құжатта Қазақстандағы инновациялық экономика саласындағы саясатты дамытудың жан-жақты талдауы, сондай-ақ соңғы 80 жыл ішінде Америка Құрама Штаттарында енгізілген озық тәжірибеге негізделген нақты құқықтық ұсынымдар қамтылған.
Қатысушылар hi-tech және deep-tech нарықтардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, стартаптарға бастапқы кезеңде инвестициялау ерекшеліктерін және тұрақты инновациялық экожүйені қалыптастырудағы бизнес-періштелердің рөлін талқылады.
Жергілікті және әлемдік нарыққа бағытталған жобалардың айырмашылығына бизнес-періште Евгений Евдокимов тоқталды:
«Ғылыми бастамалардың табысты дамуы үшін оларды коммерцияландыру қажет. Менің тәжірибем көрсеткендей, hi-tech аймақтары айтарлықтай инвестицияны қажет етеді және кіру шегі жоғары. Мұндай жобалардың ішкі нарықтағы мүмкіндіктері шектеулі, сондықтан халықаралық ынтымақтастыққа баса назар аудару маңызды».
Ал инвестор Дмитрий Румянцев бизнес-періштелер клубтарынын дамытудағы практикалық тәжірибесімен бөлісті. Оның айтуынша, бизнес-періште клубтары стартаптардың қалыптасуы мен экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Олар тек қаржыландыруға ғана емес, сонымен қатар байланыстар желісін құруға және тәжірибе алмасуға да өз үлесін қосуда. Мысалы, фин клубы сегіз адамнан бастап, 15 жылда үлкен қауымдастыққа айналды. Сондай-ақ, стартаптар экономикаға ғана емес, сонымен қатар адамның жеке басының әлеуметтік құрылымы мен дамуына да әсер етеді.
Ержан Кабдуш, «BI Group» құрылыс компаниясының ғылыми-зерттеу және әзірлеу жөніндегі директоры. Ол бизнесті ең алдымен инновацияның практикалық артықшылықтары қызықтыратынын атап өтті:
«Біз үшін стартаптарды қолдаудың ең маңызды критерийі – олардың экономикалық мақсатқа сай болуы. Жобалар оңтайландыруға, процестерді жақсартуға және нақты құндылық құруға бағытталуы керек. Егер проектер нақты пайда әкелетін болса, біз мұндай бастамаларға инвестиция салуға дайынбыз».
Гани Абадан, жазушы, кәсіпкер және корпоративтік бизнес-тренер ол өзінін инвестициялау тәжірибесімен бөлісті. Ол сыртқы қаржыландырумен қатар, жоба құрылтайшыларының инвестициялық үдеріске жеке қатысуы да инновациялық кәсіпкерлікті дамытудың маңызды элементі бола алады.
Іс-шараның қорытынды бөлімі InnoBoost Winter 2025 бағдарламасы аясында үдеуді өткен 12 үздік жобаның презентациялары болды. Пректілер ғылыми және қолданбалы салалардың түрлі бизнес бағыттарын көрсетті. Әрбір команда өз жобасын әлеуетті инвесторларға, сала сарапшыларына және үкімет өкілдеріне көресету мүмкіндігіне ие болды.
Презентациянын соңында демеушілер мен бағдарлама серіктестерінің қолдауымен ұйымдастырылған қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті. Үш үздік жобаға InnoBoost бағдарламасының серіктесі Chevron компаниясынан 250 000 теңге, 150 000 теңге және 100 000 теңге көлеміндегі сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, зияткерлік меншік саласындағы үздік жоба үшін Klein & Erbulekova заң фирмасы 250 000 теңге көлемінде арнайы сыйлықты табыс етті.
InnoBoost ғылыми-техникалық жобаларды қолдауды жалғастыруда және Қазақстанның инновациялық экожүйесін дамыту жолындағы тағы бір қадам болды.