5 қыркүйек күні Almaty Management University-де AlmaU Халықаралық қатынастар институтының Дипломатиялық клубы аясында Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы, Қырғыз Республикасындағы және Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Луис Франсиско Мартинес Монтес мырза студенттермен кездесті.
Кездесуді Дипломатиялық клубтың жетекшісі, Халықаралық қатынастар институтының профессоры Альберто Фриджерио жүргізді.
Іс-шара барысында Елші мырза Испания мен Қазақстан арасындағы тарихи байланыстар мен екі елдің қазіргі бірлескен жобалары туралы дәріс оқыды. Сондай-ақ студенттердің көкейіндегі сұрақтарға жауап берді.
Кездесу аясында академиялық алмасу және Испания жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндіктері талқыланды.
Анықтама:
-Халықаралық қатынастар институты халықаралық саясатты терең түсінуді іргелі экономикалық біліммен ұштастыратын инновациялық білім беру бағдарламасын ұсынады. Біздің бағдарлама заманауи жаһандық сын-қатерлерді шеше алатын сұранысқа ие мамандарды дайындайды.
-Дипломатиялық клуб дипломаттармен, халықаралық ұйымдардың қызметкерлерімен және Сыртқы істер министрлігінің өкілдерімен тұрақты іс-шаралар өткізу үшін құрылған. Клубтың мақсаты – студенттердің оқу барысында халықаралық қатынастар саласындағы нақты жұмысқа етене араласуына жағдай жасау. Дипломатиялық клубты Халықаралық қатынастар институтының профессоры Альберто Фриджерио басқарады.