2025 жылдың қаңтарынан сәуіріне дейін AlmaU университетінде Eurasia Foundation (from Asia) қорының қолдауымен постколониализм, геосаясат және өңірлік даму мәселелеріне арналған халықаралық дәрістер циклі екінші жыл қатарынан өтті. «Халықаралық қатынастар және экономика» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері АҚШ, Оңтүстік Корея, Гонконг, Ұлыбритания, Испания және Назарбаев Университетінің постколониалдық зерттеулер саласындағы жетекші қазақстандық ғалымдарының қатысуымен өткізілген 16 дәріске қатысты. Курс тақырыптары жаһандық күштер динамикасынан бастап Жібек жолы туралы нарративтерге, бейнеойындар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарға дейінгі ауқымды қамтыды.
Курс AlmaU университетінің Саясат және құқық мектебінің қауымдастырылған профессоры, PhD Ажар Серікқалиеваның жетекшілігімен ұйымдастырылды. Жоба AlmaU тарапынан 2024 жылы Қорға жолданған Растау хатына және 2024 жылғы 13 қыркүйектегі Қор шешімі туралы Хабарламаға сәйкес жүзеге асырылды.