2025 жылдың 27 наурызында Almaty Management University-дің қабырғасында «Күрделі қоғам үшін психологиялық білім: өзгермелі шындыққа бейімделу тенденциялары, қиындықтары және стратегиялары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Талқылауға жетекші психологтар, мұғалімдер және Sharmanov School of Health Sciences AlmaU-дың «Психология» білім беру бағдарламасының 2 және 3 курс студенттері қатысты.
Дөңгелек үстел ұжымдық талқылау форматы ретінде өзекті тақырыптарды ашық талқылауға, кәсіби мәселелерді жан-жақты талдауға және бірлескен шешімдерді іздеуге мүмкіндік береді. Бұл жолы AlmaU психология саласындағы сарапшылар бас қосатын алаңға айналды. Қатысушылар саланың дамуының негізгі тенденцияларын, заманауи мамандардың алдында тұрған мәселелерді талқылап, студенттермен тәжірибелерімен бөлісті.
Психологтардың кәсіби дайындығы
Дөңгелек үстелді Sharmanov School of Health Sciences AlmaU ұйымдастырды.
Мектеп директоры Айжан Сапаргалиева сөзінде шараның негізгі мақсатына тоқталды:
«Бүгін біз қазіргі заманның ең маңызды сын-қатерлерінің бірін талқылау үшін жиналдық. Адамзат орасан зор қысым мен белгісіздік жағдайында өмір сүреді. Адамдар ішкі және сыртқы қақтығыстарға көбірек бетпе-бет келуде – және бұрынғыдан да психологиялық қолдауды қажет етеді. Осының барлығы психолог мамандығынын ерекше маңызын және сұранысын артады. Осыған байланысты мамандарды сапалы кәсіби даярлау мәселесі ерекше өзекті болуда».
Сондай-ақ Айжан Сапаргалиева Sharmanov School of Health Sciences AlmaU-дың миссиясы психологиялық көмек көрсету және қоғамда денсаулықты нығайту арқылы өмір сапасын жақсартуға нақты үлес қосатын мамандарды дайындау екенін атап өтті.
Арнайы білім беру қажеттіліктері
Психология ғылымдарының кандидаты, Q университеті жанындағы психология және журналистика академиялық мектебінің аға оқытушысы Эльзара Исхакова ЖОО-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге психологиялық қолдау көрсету туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, бұл жұмыстың басты мақсаты – студенттердің қоғамға интеграциялануына ықпал ету, олардың отбасына әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету, студенттердің кәсіби өзіндік санасын дамыту.
Психологиядағы жасанды интеллекттің рөлі
Қарқынды технологиялық прогресс дәуірінде психология сияқты гуманитарлық салалар жасанды интеллектті белсенді түрде енгізуге тап болды. «Туран» университетінің Жоғары бизнес мектебінің директоры Нурлан Алдабергенов жасанды интелект эмпатия, интуиция және күрделі моральдық-этикалық шешімдер қабылдау қабілеті бар тірі терапевтті толығымен алмастыра алмайтынын атап өтті. Дегенмен, аталмыш технология қазірдің өзінде психотерапия саласында қолдануды табуда. Мысалы, Woebot және Replika сияқты бағдарламалар адамдарға алаңдаушылық, депрессия және жалғыздықпен күресуге көмектеседі, ал Pepper және Paro әлеуметтік роботтары егде жастағы науқастармен және деменциямен ауыратын адамдармен жұмыс істеу үшін қолданылады.
Professor of Practice Sharmanov School of Health Sciences Сандугаш Андамасова да жанды қарым-қатынастың маңыздылығына қарамастан жасанды интеллект ғылыми зерттеулерде де, клиникалық тәжірибеде де құнды құрал бола алатынын атап өтті.
Дөңгелек үстелде психотерапияның әртүрлі тәсілдері ұсынылды. Professor of Practice Sharmanov School of Health Sciences Ділдә Сақтағанова AlmaU когнитивті мінез-құлық терапиясына ерекше көңіл бөлетінін атап өтті, өйткені бұл сала бейсаналық сенімдермен және клиенттің мотивациясымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Терапиялық тәсілдер тақырыбын жалғастыра отырып, психолог және аккредиттелген гештальт-терапевт Темірлан Ещанов гештальттерапия туралы айтып, оның негізі терапевт пен клиент арасындағы байланыста жұмыс істейтінін атап өтті. Оның пікірінше, психопатология көбінесе адамның проблемалық өмірлік жағдайларға бейімделуінің нәтижесі болады.
Психикалық денсаулық мәселелері
Professor of Practice Sharmanov School of Health Sciences Рауана Алибаева психикалық денсаулық мәселелеріне кешенді көзқарастың маңыздылығы туралы баяндама жасады: «Психикалық денсаулық – қоғам әл-ауқатының маңызды аспектісі. Психологиялық қызметтерді мемлекеттік қолдау, психологиялық көмектің қолжетімділігі, ата-аналармен жұмыс, халықты психикалық денсаулықтың маңыздылығы туралы ақпараттандыру үшін кешенді көзқарас қажет».
Әлеуметтік қолдау тақырыбын жалғастырған Алматы облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Айгул Есимбекова кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған цифрлық құралдарға тоқталды. Атап айтқанда, ол балалардың құқықтарын қорғау және олардың әл-ауқатына қауіп төнген жағдайларға дер кезінде ден қоюды қамтамасыз ету болып табылатын «Жанұя» бағдарламасын ұсынды.
5571 әскери бөлімінің психологиялық қолдау қызметінің аға офицері Гауһар Ибраимкулова күш құрылымдарындағы психологиялық қолдауға ерекше назар аударды. Әскери психологтардың жұмыс әдістері мен формаларымен таныстырды, сонымен қатар дөңгелек үстелге қатысушыларға кей әдістерін көрсетті.
С.Д. Асфендиярова атындағы ҚазҰМУ – дың аға оқытушысы, психология ғылымдарының магистрі Шолпан Марданова жұмысты кейінге қалдырудың студенттерге әсері туралы зерттеуін ұсынды:
«Адамның проблемаларды шешу кезінде жағымсыз ойлар мен әрекеттерді кейінге қалдыруға бейімділігі жағымсыз салдарға алып келуі және эмоционалды қиын із қалдыруы мүмкін. Бұл әсіресе қатаң мерзімде тапсырмаларды орындауға тура келетін студенттер арасында жиі кездеседі. Бұл бағаларға тікелей әсер етпейді, бірақ олардың психологиялық жағдайына айтарлықтай әсер етеді» .
Дөңгелек үстелде «Психология» білім беру бағдарламасының 2 және 3 курс студенттері теориялық білімдерін және оқу процесінде алған тәжірибелік дағдыларын көрсетті.
Іс-шараның қорытындылары Қазақстанда психологиялық білім беруді дамыту жаңа міндеттерге назар аударуды, заманауи технологияларды белсенді енгізуді және мамандарды дайындауға біртұтас, пәнаралық көзқарасты қалыптастыруды талап ететіні баса айтылды.
AlmaU қоғам сұранысына кәсіби түрде жауап беруге және жан-жақты қолдау көрсетуге дайын жоғары білікті психологтарды дайындауға ұмтылады, осы бағытта алға жылжуын жалғастыруда.