Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU-да жастар мен институттар арасындағы қоғамдық сенімді қалыптастыру мәселелері талқыланды

15.09.2026

11 қыркүйекте AlmaU-да «Жастардың институттарға сенімі: зерттеулерден шешімдерге өту» атты семинар өтті. Іс-шара гибридті форматта – офлайн және онлайн қосылу мүмкіндігімен – өтіп, білім беру және қоғамдық институттарға деген жастар сенімі жөніндегі зерттеу нәтижелерін талқылау алаңына айналды. Оған академиялық орта, мемлекеттік органдар, дипломатиялық корпус және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Семинар «Қазақстан жастары арасындағы қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал: университеттік ортада қалыптасу тетіктері (пәнаралық тәсіл)» атты AP27510281 жобасы аясында, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің жас ғалымдар конкурсы бойынша грант қолдауымен өткізілді.

Зерттеу нәтижелерін социолог, AlmaU аға оқытушысы Серік Бейсембаев ұсынды.

«Жастар және білім беру институттары: сенім кеңістігін қалай құруға болады?» атты бірінші панельдік талқылауды жоба жетекшісі, AlmaU Research Professor, PhD Ажар Сериккалиева модерациялады.

Талқылауға AlmaU Президентінің кеңесшісі Дидар Марданов, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы (ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі) Жастар ресурстық орталықтарын әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының басшысы Балгүл Мәмен және Республикалық студенттік омбудсмен Айболат Сембиев қатысты.

Қатысушылар жастардың білім беру институттарына деген сенімін бүгінде не айқындайтынын, қандай тәжірибелер осы сенімді әлсірететінін және оны нығайтуда жоғары оқу орындары әкімшілігінің рөлі қандай екенін талқылады.

«Қазақстандағы жастар белсенділігі: жаңа формалар, мүмкіндіктер мен сын-қатерлер» тақырыбында өткен екінші панельді «Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі» (ҚЖАҚ) ҚҚ бас директоры Ирина Медникова жүргізді.

Спикерлер қатарында саясаттану ғылымдары бойынша PhD, зерттеуші Шұғыла Қилыбаева, «Teach for Qazaqstan» ҚҚ директоры Гүлнара Сәлмен және ҚЖАҚ координаторы Сәния Бейсенбаева болды.

Қатысушылар қазақстандық жастарды қоғамдық өмірге қатысуға не итермелейтінін, елде жастар белсенділігі мен өзін-өзі ұйымдастырудың қандай жаңа формалары пайда болып жатқанын, сондай-ақ жастардың қатысуын бір реттік іс-шаралармен немесе символдық өкілдікпен шектемеу жолдарын талқылады.

Семинар жобаны 2026 жылы іске асырудың кезекті кезеңі болды; талқылау нәтижелері Қазақстанның университеттері мен жастар ұйымдары үшін ұсынымдар дайындауда ескеріледі.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок