
28 мамыр күні AlmaU-да қызметкерлер мен студенттерге арналған жоспарлы сейсможаттығу өтті. Іс-шара жер сілкінісі қаупі туындаған немесе орын алған жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларын пысықтауға бағытталды.
Белгіленген уақытта университетте дабыл сиренасы қосылып, ескерту жүйесі арқылы дабыл сигналы берілді. Осыдан кейін қызметкерлер мен студенттер нұсқаулыққа сәйкес әрекет етті. Бірінші және екінші қабаттарда болғандар оқу корпусы мен спорт кешенінің негізгі және авариялық шығу жолдары арқылы ұйымдасқан түрде ғимараттан шықты. Адамдардың қауіпсіздігі мен тәртібін сақтау үшін жауапты қызметкерлер мен университет қызметтері өкілдері сүйемелдеу жұмыстарын жүргізді.
3-4-5-6 қабаттарда болған қызметкерлер мен студенттер сыртқа эвакуацияланбады. Ережеге сәйкес олар дәліздерге шығып, арнайы көрсеткіштермен («қолшатырлармен») белгіленген ең қауіпсіз орындарға орналасты. Бұл жылдам эвакуация мүмкін болмаған жағдайда әрекет ету алгоритмін пысықтауға мүмкіндік берді.
Жалпы жиналу орны ретінде университет ғимаратының Розыбакиев көшесі жағындағы шығыс бөлігі белгіленді. Алаңда адамдарды түгендеу және сапқа тұрғызу жүргізілді.

Сейсможаттығудың жетекшісі ретінде азаматтық қорғау штабының басшысы, Инфрақұрылым басқармасының директоры З. К. Сарсембаева болды.
Жаттығу барысында практикалық сабақтар мен шағын түсіндіру жұмыстары жүргізілді: ғимараттан қауіпсіз шығу жолдары, дәліздерде қай жерде тұру керектігі және әр қабатта қандай әрекет жасау қажет екені түсіндірілді.
Қатысушыларға төтенше жағдайға дайын болу үшін өзімен бірге пайдалы заттар, мысалы, фонарик пен ысқырық алып жүру қажеттігі еске салынды.