Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU-да жыл сайынғы AlmaU Open Cup турнирі өтті

01.06.2025

2025 жылы 1 маусымда Almaty Management University-де  дәстүрлі AlmaU Open Cup жедел шахмат турнирі өтті. Оған 11–12-сынып оқушылары және 2025 жылғы мектеп және колледж түлектері қатысты.

Турнир Қазақстан шахмат федерациясы — KazChess қолдауымен ұйымдастырылды. AlmaU мен KazChess өткен жылы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, серіктестікті белсенді түрде дамытып келеді.

Қатысушылар басты жүлде — үш 100% оқу гранты үшін, сондай-ақ қыздар арасында берілетін қосымша бір 100% грант үшін сайысты.

Турнирді AlmaU ректоры Гүлнар Күреңкеева ашты. Ол шахмат сияқты зияткерлік спорт түрінің университеттің білім беру ортасының маңызды бөлігі екенін атап өтті. Ректордың сөзінше, AlmaU Open Cup бірнеше жыл қатарынан өткізіліп, жақсы дәстүрге айналды. Университеттің өз шахмат командасы табысты жұмыс істеп,  республикалық әрі халықаралық студенттік жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр.

Ректордың айтуынша, шахматқа және зияткерлік әлеуетті дамытуға баса мән беретін AlmaU университетіне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын байқау – ерекше қуаныш. Осыған байланысты университет дарынды шахматшылардың AlmaU-да білім алуға деген қызығушылығын қолдауға және олар үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға ұмтылады. Бұл бағыттағы маңызды бастамалардың бірі — AlmaU Open Cup турнирі.

Сөз барысында Қазақстан шахмат федерациясының жоғары оқу орындарымен жұмыс жөніндегі үйлестірушісі Ақжүніс Артықбай жастар арасында шахмат мәдениетін дамытуға көрсетілген қолдау үшін алғыс білдіріп, мұндай бастамалардың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Турнирге барлығы 28 адам қатысты. Жарыс 7 турдан тұратын реттелген швейцариялық жүйе бойынша өтті. Уақыт бақылауы: әр ойыншыға 10 минут және әр жүріске 2 секундтан қосылады. Турнирдің бас төрешісі – Қараев Асылхан.

 

Ойын тартысты әрі қарқынды өтті — қатысушылар өздерінің жоғары дайындық деңгейін, стратегиялық ойлау қабілетін және жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті.

 

AlmaU Open Cup 2025 жалпы есебі бойынша жеңімпаздар:

1-орын — Мұхаметқали Мерей
2-орын — Жұмабек Нұрасыл
3-орын — Уәлихан Әнуар

Қыздар арасында үздік нәтиже көрсеткен — Қодири Нуқрабонуи. Ол турнирдің басқа жеңімпаздарымен бірге AlmaU-дың кез келген білім беру бағдарламасына 100% грант иегері атанды.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және оларды AlmaU студенттерінің қатарында асыға күтеміз!

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок