Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU-де Франция Елшілігімен кездесу өтті

24.02.2026

20 ақпанда университетте «Францияда білім алуға арналған стипендиялық бағдарламалар» тақырыбында ақпараттық кездесу өтті. Іс-шара Францияның жоғары білімін шетелде ілгерілету жөніндегі ұлттық агенттігі – Campus France (әлемнің 130 елінде ұсынылған), сондай-ақ Францияның Қазақстандағы Елшілігінің өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды.

Кездесу барысында студенттерге Франциядағы магистратура мен докторантураға түсу мүмкіндіктері, білім беру жүйесінің ерекшеліктері, талапкерлерге қойылатын талаптар және құжат тапсыру кезеңдері туралы толық ақпарат ұсынылды.

Сонымен қатар Францияның Қазақстандағы Елшілігінің «Абай–Верн» және MOPGA – Master Kazakhstan гранттық бағдарламаларына ерекше назар аударылды. Бұл бағдарламалар студенттер мен жас зерттеушілерге академиялық және ғылыми дамуға кең мүмкіндік береді.

Кездесудің спикері – Францияның Қазақстандағы Елшілігінің университеттік, мәдени және тілдік ынтымақтастық жөніндегі үйлестірушісі Назерке Мұхтарқызы болды. Ашық диалог барысында қатысушылар құжаттарды дайындау, білім беру бағдарламаларын таңдау және конкурстық іріктеуге қатысу бойынша кәсіби кеңестер алды.

Кездесуге бакалавриаттың 2-3 курс және магистратураның 1–2 курс студенттері қатысты. Іс-шара өзекті ақпарат алуға, академиялық мүмкіндіктерді кеңейтуге және халықаралық білім беру траекториясын қалыптастыруға маңызды алаң болды.

Барлық қатысушыларға қызығушылықтары мен белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок