Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU-де өнеркәсіптік саясаттың дамуы: мониторинг, әлеуетті бағалау, цифрлық шешімдер және өндірістік кооперация мәселелері талқыланды

11.10.2025

2025 жылдың 11 қазанында Almaty Management University (AlmaU) қабырғасында «Өнеркәсіптік саясат және өңдеу өнеркәсібінің дамуы: мониторинг, әлеуетті бағалау, цифрлық шешімдер және өндірістік кооперация» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (Almatau Symposium – 2025) өтті.

Іс-шараға ғалымдар мен зерттеушілер, сарапшылар мен аналитиктер, шағын және ірі бизнес өкілдері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, халықаралық серіктестер, жас ғалымдар мен студенттер қатысты. Конференция гибридті форматта – офлайн және онлайн режимінде ұйымдастырылып, түрлі елдерден қатысушыларды қамтуға мүмкіндік берді.

Конференцияның модераторы PhD докторы, AlmaU ассистент-профессоры Данияр Медетов болды.

Қатысушыларға AlmaU-дың ғылым және коммерцияландыру жөніндегі проректоры Рената Кудайбергена алғы сөз арнады:

«AlmaU – түрлі бағыттағы ғалымдар мен зерттеушілерді біріктіретін ғылыми ортаға айналып келеді. Біздің университет – тәжірибеге бағытталған жоғары оқу орны. Мысалы, InnoBoost және Think Tank AlmaU Analytics бастамалары сәтті жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта қолданбалы жасанды интеллект пен өнеркәсіп орталығы ашылады. Бұл орталық біздің ғылыми серіктестеріміздің міндеттерін цифрлық шешімдер арқылы жүзеге асыратын болады».

Конференцияның мақсаттары туралы жоба жетекшісі, профессор, зерттеуші Марат Мырзахмет баяндады:

«Бұл – халықаралық экономистер күніне арналған екінші конференциямыз. Өткен жылы біз алғашқы қадам жасадық, ал биыл жаңа нәтижелер ұсынып отырмыз. Бұл жұмыстар жаңа өнеркәсіптік саясат тұжырымдамасын қалыптастыруға ықпал етеді. Тақырыптың өзектілігі жоғары, себебі барлық мемлекеттер экономикалық өсім мен жаңғыруға ұмтылуда. Әсіресе жаңа технологиялық эволюция жағдайында жасанды интеллект экономиканың ажырамас бөлігіне айналып отыр».

Конференция аясында төрт секциялық отырыс өтті:

  1. Қазақстанның жедел индустриялық дамуының теориялық-әдіснамалық негіздері
  2. Өнеркәсіптік саясаттың халықаралық тәжірибесі және стратегияларды бейімдеу
  3. Өңдеу өнеркәсібіндегі цифрландыру және инновациялар
  4. Өнеркәсіптік әлеуетті бағалау: экономикалық және ғылыми-технологиялық аспектілер

Сонымен қатар, «ШОБ пен ірі компаниялардың кооперациясы: өнеркәсіпті жаңғыртудың жолдары» атты панельдік сессия өтті. Онда қатысушылар бизнес пен ғылым арасындағы өзара әрекеттестікті, цифрлық шешімдерді енгізу және тұрақты өндірістік тізбектерді қалыптастыру мәселелерін талқылады.

Almatau Symposium – 2025 конференциясы өнеркәсіптік саясатты дамыту, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және цифрлық трансформация жағдайында тиімді шешімдер ұсыну мақсатында тәжірибе мен ғылыми идеялар алмасудың маңызды алаңына айналды.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок