Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU-дың академиялық даму жөніндегі проректоры Әсел Арын Harvard Kennedy School Executive Education бағдарламасына грант жеңіп алды

30.03.2026

AlmaU-дың академиялық даму жөніндегі проректоры Әсел Арын Harvard Kennedy School Executive Education аясындағы Implementing Public Policy бағдарламасында білім алады.

Бағдарлама мемлекеттік саясат саласында жұмыс істейтін басқарушылар мен сарапшыларды біріктіріп, реформаларды іске асырудың практикалық құралдарына, көшбасшылыққа және күрделі әрі өзгермелі ортада шешім қабылдауға бағытталған. Оқу 2026 жылдың мамырынан қыркүйек айына дейін онлайн форматта өтеді.

Бағдарламаға қатысу El Umiti қорының қолдауымен конкурс негізінде берілген гранттың арқасында мүмкін болды. Бұл – кәсіби тәжірибе мен әлеуеттің мойындалуы, сондай-ақ басқарушылық құзыреттерді одан әрі дамытуға жасалған инвестиция.

«Алда жаңа кезең, жаңа білім мен маңызды инсайттар күтіп тұр. Олар университеттің білім беру және академиялық ортасында өз көрінісін табады», – деп атап өтті Әсел Арын.

AlmaU университетінде академиялық көшбасшылықты дамыту және халықаралық тәжірибені білім беру үдерістеріне енгізу жүйелі түрде қолдау табады. Бұл университеттің заманауи басқарушылық тәсілдерді қалыптастыру алаңы ретіндегі рөлін күшейтеді.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок