
26 мамыр күні AlmaU-да «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттеріне сертификаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Студенттер АХҚО Академиясы әзірлеп, жүзеге асырып жатқан «Қазақстан Республикасындағы қаржы нарықтарын реттеу» қосымша білім беру (Minor) бағдарламасы аясындағы «Қаржы нарықтарының құрылымы мен қатысушылары» және «Қаржы нарықтарының қызметтері мен құралдары» курстарын сәтті аяқтады.

Бағдарлама студенттердің қаржы нарықтарының жұмыс істеуі мен құқықтық реттелуі саласындағы теориялық және практикалық құзыреттерін қалыптастыруға, сондай-ақ қазіргі қаржы-құқықтық қызмет жағдайында сұранысқа ие кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған.

Студенттерді оқуды сәтті аяқтауымен құттықтаймыз және оларға алдағы академиялық әрі кәсіби жетістіктер тілейміз!