AlmaU халықаралық деңгейдегі білім беруді дамытуда. 3 ақпанда AlmaU-де «Есеп және аудит» бағдарламасының CPA Eurasia халықаралық аккредитациясын алуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Аккредитация бағдарламаның бухгалтерлік есеп, аудит және қаржы саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін растайды.
Іс-шараны AlmaU академиялық даму проректоры Әсел Арынқызы ашып, аккредитацияның білім сапасын арттыру және студенттер үшін мүмкіндіктерді кеңейту тұрғысынан маңызды қадам екенін атап өтті.

Іс-шараға EICPA және кәсіби қауымдастық өкілдері қатысты:
-
Нұрлан Орынбасарович Алимбетов, Қазақстан Республикасы Кәсіби бухгалтерлер палатасының директорлар кеңесінің төрағасы,
-
Мадина Әділбековна Исаханова, «Үздіксіз кәсіби даму академиясы» ЖШС директоры.
Спикерлер аккредитацияның маңыздылығын атап өтіп, «Есеп және аудит» бағдарламасының практикалық бағытталғанын ерекше атап көрсетті.
Іс-шара барысында студенттерге CPA Eurasia сертификаты мен оқу құралдары табысталды.
Салтанатты атмосфераны студенттердің музыкалық қойылымдары толықтырды: «Қаржы» бағдарламасының студенті Дана Нұрғалиева орындауында Құрманғазының «Балбырауын» күйі және 1-курс «Есеп және аудит» бағдарламасының студенті Дархан Дастан орындауында «Адай» күйі.

CPA Eurasia аккредитациясы студенттер мен түлектерге жаңа мүмкіндіктер ашады – Евразия елдерінде дипломның расталуы және кеңірек мансаптық перспективалар. AlmaU кәсіби ұйымдармен ынтымақтастықты жалғастыра отырып, студенттерге практикалық бағытталған білім алу және кәсіби өсуге қолайлы жағдай жасайды.