9 сәуір 2025 жылы Алматы Менеджмент Университетінде (AlmaU) Испанияның Қазақстандағы Елшілігі делегациясының ресми сапары өтті. Делегация құрамында Испанияның Елшісі Луис Мартинес Монтес мырза және мәдениет атташесі, Елші орынбасары Беатрис Муньос Гонсалес ханым болды.
Сапар AlmaU кампусын аралаумен басталды. Қонақтарға университеттің білім беру және зерттеу кеңістіктері, оның ішінде арнайы студиялар, зертханалар, музей, кітапхана және заманауи оқу аудиториялары таныстырылды. Экскурсия AlmaU инфрақұрылымын көрсетуге мүмкіндік берді.
Қонақтардың ерекше қызығушылығын нейромаркетинг және нейроменеджмент зертханасының жұмысы тудырды, бұл туралы AlmaU Менеджмент мектебінің аға оқытушысы Ақдана Абужалитова айтып берді. Луис Мартинес Монтес мырза осындай зерттеулердің маңыздылығы мен болашағы туралы айтып, испан ғалымдарының нейроғылым мен қазіргі маркетинг тәсілдерін дамытуға қосқан үлесін атап өтті.
Ақпарат:
Испаниялық ғалым Сантьяго Рамон-и-Кахаль 1906 жылы медицина саласындағы Нобель сыйлығын жеңіп алған. Сантьяго Рамон-и-Кахаль (1852-1934) миды зерттеудің пионері болып табылады және қазіргі неврологияның негізін қалаушы ретінде танылған.
Бағдарламаның екінші бөлігінде университет басшылығымен ресми кездесу өтті. AlmaU тарапынан кездесуге ректор Гульнара Куренкеева, жаһандық серіктестік бойынша проректор Шолпан Тазабек,School of Transformative Humanities деканы Нуркен Әубәкір, аталған мектептің академиялық деканы Айгүл Саренова, Саясат және құқық мектебінің деканы Мадина Есіркепова, «Халықаралық қатынастар және экономика» білім беру бағдарламасының жетекшісі Камран Гусейнов және Халықаралық ынтымақтастық басқармасының қызметкерлері Алия Ақпаева мен Ақбөпе Аусадык қатысты.
Кездесу барысында денсаулық сақтау ғылымдары, спорт менеджмент, медиа және кино сияқты салаларда ынтымақтастықтын ықтимал бағыттары талқыланды. Мәдени- білім өзара әрекеттесу тақырыбын жалғастыра отырып, Беатрис Муньос Гонсалес ханым Испания елшілігінің жоспарланған жобалары туралы айтып, Қазақстанда испан тілін ілгерілетуге қызығушылық танытты. Елші мырза өзінің келесі Алматыға жоспарланған іс-сапары барысында Саясат және құқық мектебінің Дипломатиялық клубы отырысына қатысуға дайын екенін білдірді, бұл шара 2025 жылдың маусым айына жоспарланған.
Ақпарат:
AlmaU келесі испандық бизнес мектептерімен серіктестік орнатқан: EU Business school, CESINE Design & Business School, EDEM Business School. Бұған дейін университетте испан тілі екінші шет тілі ретінде оқытылған. 2017 жылдан 2025 жылға дейінгі аралықта 500-ден астам студент Туризм, Ресторан және қонақжайлық бизнесі, Халықаралық қатынастар және экономика мамандықтары бойынша испан тілін екінші шет тілі ретінде таңдаған. Сонымен қатар, студенттерде қытай, француз, түрік тілдерін оқи алады, ал 2025 жылдан бастап корей тілін де үйренуге мүмкіндік бар. 2025 жылдың көктемгі семестрінен бастап корей тілі оқу жоспарынан тыс ерікті түрде оқытылатын болады.