Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU өкілдері Сеулде өткен «Alatau Rise With Kazakhstan Forum» форумына қатысты

16.10.2025

15 қазан 2025 жылы күні Сеул қаласында Alatau Rise With Kazakhstan Forum форумы өтті. Іс-шара барысында Қазақстанның жаңа технологиялық және экономикалық даму бағытына негізделген Alatau City жобасы таныстырылды.

Almaty Management University атынан форумға ректор және AlmaU-дың негізін қалаушы Асылбек Қожахметов пен ғаламдық серіктестіктер жөніндегі проректор Шолпан Тазабек қатысты. Форум аясында Асылбек Қожахметов Caspian Group төрағасы, Alatau City дамыту кеңесінің мүшесі Юрий Цхайға «Қазақстандық университеттің тиімді үлгісін іздеу жолында» атты монографиясын сыйға тартты.

Қазақстан Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсының мәліметінше, Alatau City жобасы негізгі көлік магистральдарының тоғысқан жерінде орналасқан, жалпы аумағы 88 мың гектарды құрайды. Қала аумағы толығымен арнайы экономикалық аймақ мәртебесіне ие, мұнда корпоративтік табыс салығынан, жер және мүлік салығынан босату, сондай-ақ қала аумағында өткізілетін тауарларға ҚҚС нөлдік мөлшерлемесі сияқты жеңілдіктер қарастырылған.

Alatau City болашақта технологиялық компаниялар мен экспортқа бағытталған өндірістердің орталығына айналуы көзделуде. Жоба қалалық әуе мобильдігі мен сутекті экономика сияқты салаларда Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашуы мүмкін.

Бұл форумға қатысу AlmaU үшін халықаралық әріптестікті дамыту және тұрақты экономикалық әрі білім беру бағытындағы диалогты нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок