Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU мен GeOnline білім беру орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

20.11.2026

20 қарашада AlmaU-да GeOnline білім беру орталығының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу аясында AlmaU мен білім беру орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

GeOnline тарапынан кездесуге орталық директоры Дамир Самарханов Қанатұлы қатысты. AlmaU атынан академиялық даму жөніндегі проректор Әсел Арынқызы Арын қатысты.

Қол жеткізілген келісімдер аясында AlmaU GeOnline білім беру орталығының түлектеріне ақылы бөлімде оқуға түсу кезінде 10% жеңілдік ұсынады, сондай-ақ оқу ақысының 100%-ын өтейтін үш білім беру грантын бөледі.

Меморандумға қол қою AlmaU мен GeOnline арасындағы әріптестік байланысты нығайтуға, орталық білім алушыларының білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге және білім беру саласындағы одан әрі ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок